2025 жылы елімізде қандай жолдар салынады?

Көлік министрлігі жалпы ұзындығы 13 мың шақырым болатын жолдарды салуға және жөндеуге уәде берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атап айтқанда, ұзындығы 2,2 мың шақырым жол құрылыс және қайта жаңарту, 6,6 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Жергілікті маңыздағы 4,2 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланды.

Қандай жолдар салынады?

Жалпы ұзындығы шамамен 1 мың шақырымды құрайтын, құрылысы осы кезге дейін басталып кеткен Қалбатау — Майқапшағай, Күрті — Қонаев, Қызылорда — Жезқазған және Ұзынағаш — Отар күре жолдарында жұмыс жалғаспақ.

Сонымен қатар төрт жолақты Ақтөбе — Ұлғайсын, Қарағанды — Жезқазған, Атырау — Доссор және Сарыағаш қаласының айналма жолы жобаларының құрылысын бастау көзделген. Олардың жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асады.

Қандай жолдар жөнделеді?

10 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Биыл оның 6,6 мың шақырымы жөнделеді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен (5 мың шақырым жол) асып түседі. Өткен жылы орташа жөндеу жұмыстары басталған Жезқазған — Петропавл, Қарағанды — Аягөз — Бұғаз, Қандыағаш — Шалқар — Ырғыз сияқты ірі жобаларда биыл да жұмыстар жалғаспақ.

Биыл бұдан өзге Қарабұтақ — Рудный — Қостанай, Атырау — Орал және Астана — Қорғалжын — автожолдарының учаскелерін қоса алғанда, ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайтын автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары басталады.

Жергілікті маңызы бар жол инфрақұрылымын дамыту да басымдыққа ие болмақ. Өңірлерде жергілікті маңызы бар, жалпы ұзындығы 4,2 мың шақырымды құрайтын жолдарды жөндеу жоспарланған. Олардың қатарында Атырау — Форт Шевченко, Түркістан  — Шәуілдір, Чапай — Сайқын жолдары, сондай-ақ Семей қаласындағы көпірдің құрылысы бар.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.