Министр Сәтқалиев Бектеновке АЭС бойынша келіссөздер туралы айтты

Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды.

Президенттің электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажет резервтер құру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі тыңдалды.

Электр энергиясын тұтынудың ұдайы өсуіне байланысты жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту арқылы 2035 жылға дейін 26,5 ГВт деңгейінде жаңа генерациясы бар қуаттар құрылымы қарастырылып жатыр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздер туралы баяндады. Премьер-министр АЭС салу мәселесінде еліміз үшін барынша экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет екеніне тоқталды. Жеткізушіні таңдауда ел ішіндегі құндылықты арттыруға, өндірісті локализациялауға және технология трансфертіне мән беру тапсырылды.

Сондай-ақ атом ғылымын, сала мамандарын даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын дамытудың келешегін талқылады. «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС басшысы Т. Жантикин, Ұлттық ядролық орталығының басшысы Э. Батырбеков, Ядролық физика институтының басшысы С.Сахиев сараптамалық көзқарастарын бөлісті.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.