Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала нәтижелері жарияланды

Көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатқа ұшырауын тергеудің алдын ала нәтижелері туралы есеп жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баяндама 53 беттен тұрады. Құжатта есеп шеңберінде жүргізілген тергеу «біреудің кінәсі немесе жауапкершілігінің үлесін белгілеуді көздемейтіні» көрсетілген.

Баку – Грозный бағытындағы ұшақтың Ақтау маңында апатқа ұшырауы

2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының AHY8243 рейсімен Баку (Әзербайжан) – Грозный (Ресей) бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ Баку әуежайынан Астана уақыты бойынша 08:49-да жоспарланған уақыттан 11 минут ерте ұшып шыққан. Грозныйда қалың тұман болғандықтан, ұшақ алдымен Махачқалаға, кейін Ақтауға бағытталады. Каспий теңізінің үстінде ұшып бара жатқанда, экипаж «төтенше жағдай» сигналын (squawk 7700) берді. Ұшқыштар шұғыл қонуға рұқсат сұрап, әуежай ұшақты қабылдауға дайындалған. Алайда 11:30-да ұшақ әуежайдан 3 шақырым қашықтыққа құлады.

Оқиғаның ресми себебі әлі белгісіз. БАҚ-та түрлі болжамдар айтылып жатыр, соның ішінде ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кетуі немесе салонында оттегі баллонының жарылуы ықтимал екені туралы деректер бар. Қара жәшік сол күні кешке табылды, енді мамандар оның деректерін ашуға кіріседі.

Тергеу

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Бас прокуратурасының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативті топ құрылды. Оның құрамына көлік прокуратурасы, ІІМ және ТЖМ мамандары кірді. Тергеу Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. Embraer компаниясының мамандары Қазақстанға ұшып келді.

Ұшақта қанша жолаушы болған

Қазақстан ТЖМ мәліметі бойынша, ұшақ бортында 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған:

  • 42 Әзербайжан азаматы;
  • 16 Ресей азаматы;
  • 6 Қазақстан азаматы;
  • 3 Қырғызстан азаматы.

Тірі қалғандардың арасында Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары бар. Біздің мәліметіміз бойынша, осы уақытқа дейін апаттан 29 адам аман қалды, бірақ кейбіреулерінің жағдайы ауыр. Қазақстандықтардың арасында тірі қалғандар жоқ.

Қайтыс болған қазақстандықтардың тізімі:

  • Төлесінов Сәндібек Екибайұлы, 16.11.1988 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.
  • Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.
  • Махсұдова Галина Растамбекқызы, 12.01.1978 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Ақтау қаласында тұрған.
  • Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 жылы туған, Алматы қаласының тумасы, Астана қаласында тұрған.
  • Жұмағат Эльдар (Гаухар Шаймерденованың ұлы), 23.08.2013 жылы туған, Астана қаласында тұрған.
  • Жутаева Сәлима Аманжолқызы, 21.02.1995 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, Қарағанды қаласында тұрған.

26 желтоқсанда таңертең тоғыз жараланған Ресей азаматы Мәскеуге жеткізілді. Апаттан аман қалған Әзербайжан азаматтарын да отандарына жеткізу жоспарланған. Тірі қалған экипаж мүшелерінің арасында бортсеріктер Айдан Рагимли мен Зульфугар Асадов бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.