spot_img
spot_img

ИНТЕРНЕТ ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛІК – ЕЛГЕ ҚАТЕР

Сарапшылардың зерттеуі бойынша, жасөспірімдер интернет-ойындардың виртуалды əлеміне тереңірек еніп, шындықпен байланысын жоғалтып, өздерінің психикалық жəне əлеуметтік дамуына қауіп төндіруде. Ойынға тəуелділік – бұл жай ғана мінез-құлық мəселесі емес, мидың жұмысындағы теңгерімсіздікке байланысты күрделі жағдай. Оңалтудан өту үшін психотерапия керек, қажет болған жағдайда нейропсихикалық бұзылуларды түзету үшін дəрі-дəрмекпен емдеу қажет.

2024 жылғы «Касперский зертханасының» мəліметтері бойынша, балалардың үштен бір бөлігі (28%) барлық бос уақыттарын гаджетпен өткізеді. Ата-аналардың 62 пайы зы смартфонға ата-ана бақылауын орнатпайды. Ата-аналардың 20 пайызы желідегі қауіпсіздікті талқылауды қажет деп санамайды. 22 пайызы желідегі байланыс этикасын талқыламайды. 67 пайызы баланың геолокациясын бақыламайды. Қазақстан жəне Орталық Азия Отбасы институтының басшысы Эльмира Əлиеваның айтуынша, ата-аналар балалармен шынайы қарым-қатынас жасауға емес, жұмысқа, мансапқа жəне материалдық мəселелерді шешуге тым көп уақыт жұмсайды. Олардың қамқорлығы əрине қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге деген ұмтылыстан көрінеді. Бірақ сонымен бірге баланың эмоционалды өміріне мейірім, қолдау жəне араласу болмауы мүмкін. «Балаға болашақ үшін ресурстар беріп қана қоймай, оған эмпатияны, мейірімділік пен адамгершілікті дамытуға көмектесу маңызды. Ал бұл көмек бала өміріне көңіл бөлу жəне баланы мейірімге бөлеу арқылы қалыптасады. Балалар ата-аналарынан эмоционалды жақындықты, мейірімді сезінбесе, олар томаға тұйық күйге түсіп, сол жақындық пен мейірімді басқа жақтан іздеуі мүмкін. Мұндай алшақтық бала тəрбиесінің дұрыс қалыптасуына пайдалы бола бермейді. Жұмыс пен отбасылық құндылықтар арасында тепе-теңдікті сақтау – оңай шаруа емес, бірақ ол баланың қандай адам болып өсетінін жəне одан əрі қандай құндылықтарға ие болатынын айғақтайды», – дейді Эльмира Мақсұтқызы. Жалпы, балалар мен жасөспірімдердің интернет ойындарға деген тəуелділігінің құрылымдық, функционалдық, химиялық жəне тағы басқа да өзгерістері бар. Мəселен, құрылымдық өзгерістер: префронтальды жəне инсулярлық қыртыстағы сұр зат көлемінің азаюы өзінөзі бақылаудың, жоспарлаудың жəне өз əрекеттеріне есеп беру қабілеттерінің бұзылуына əкеледі. Сонымен қатар, лəззат орталығының гиперактивтілігінен ойындар қуаныштың негізгі көзіне айналады, ал бұл белсенділіктің басқа түрлеріне деген қызығушылықты төмендетеді. Ойынға тəуелділік – бұл жай ғана мінез-құлық мəселесі емес, психотерапияны, ойын уақытын бақылауды жəне дəрі-дəрмектерді қолдануды қажет ететін күрделі жағдай. Жасөспірімдер мен жастар мұндай тəуелділікке көбірек ұшырайды деп саналады. Алайда, сауалнама деректері көрсеткендей, балалардың кем дегенде үштен бірі гаджеттерді сəби кезінен бастап қолдана бастайды. Мұның бір себебі – гаджеттерді баланы алдандыру құралы ретінде қабылдайтын ата- аналар. 2-3 айдан 6-8 жасқа де йінгі балалар жақын адамдарымен қарым-қатынас пен ойындарды телефон допингіне ауыстырады. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры мен сөйлеуінің дамуындағы қиындықтарға əкеледі. Қазақстан жəне Орталық Азия Отбасы институты басшысының сөзіне қарағанда, бұл мəселені шешудің бірқатар жолдары бар: цифрлық орта мен киберқылмыс тəуекелдерін ақпараттандыру жəне азайту мақсатында ата-аналар үшін міндетті цифрлық сауаттылық курстарын өткізу; ата-аналар тарапынан бақылау жəне офлайн талқылаулар мен өзара əрекеттесу үшін міндетті отбасылық уақыт енгізу; интернет-ортадағы киберкомпетенция: сабақтарда бастауыш сынып оқушыларына виртуалды жəне ақпараттық кеңістіктің тəуекелдерін, əлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелерін жəне интернеттегі мектеп оқушыларының этикалық емес мінез-құлқының салдары туралы оқыту; балалардың желідегі мінез-құлқын қатаң реттейтін мектеп этикалық кодекстерін құру; балалардың жасын немесе өзге де шараларды растамай, баланы платформаларда тіркеуді шектеу арқылы ережелерді қатаңдату; зорлық-зомбылық, қатыгездік немесе арандатушылық тəуелділік көріністері бар ойындар мен сайттарды бұғаттаудың мемлекеттік сүзгілерін құру арқылы зиянды мазмұнға қол жеткізуді шектеу. Сонымен бірге, 45-90 минут үздіксіз пайдаланудан кейін виртуалды байланыс ойын индустриясындағы уақыт шектеулерін реттеу; балалар емханаларында психикалық ауытқу белгілерін жəне психикалық бұзылулар белгілерін анықтауға диагностика жүргізу; кибербуллинг актілерін жасаған балалардың ата-аналары үшін қылмыстық, қаржылық жəне əкімшілік жауапкершілікті енгізу; 18 жасқа толмаған балаларға онлайн ойындарға қолжетімділікті заңнамалық шектеу маңызды. Геймерлік қылмыстардың алдын алу шаралары: ойынға құмарлықтың, сондай-ақ жасырын, жанама жəне айқын агрессияның анықталған, расталған белгілері бар. Оңалту бағдарламаларын агрессиямен қабылдайтын баланы міндетті əлеуметтік-құқықтық жəне арнайы медициналық сүйемелдеу; ғаламторда жəне əлеуметтік желілерде интернет-белсенділігі, кибербуллинг əрекеттері бар балаларды қатаң бақылау мен есепке алу мақсатында балалардың автоматты профилін жасау керек. Əлеуметтік-тұрмыстық жəне отбасылық қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін зорлық-зомбылық сипаты немесе белгілері бар əлеуметтік желілер мен ойындар арқылы қудалауға ұшыраған балаларды анықтау. Ойынға тəуелділігі бар жəне қорқытудың əсерінен агрессивті əрекеттер жасаған балаларға арналған арнайы оңалту-түзеу мекемелерін енгізу өзекті.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Қазақстанда кейбір азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің тәртібі өзгереді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, соның ішінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.

На грани долгового плена

КРЕДИТНЫЙ ПОРТФЕЛЬ КАЗАХСТАНЦЕВ НА НАЧАЛО 2025 ГОДА ДОСТИГ АСТРОНОМИЧЕСКОЙ ЦИФРЫ В 24,1 ТРЛН ТЕНГЕ, ЧТО НА 22,9 ПРОЦЕНТА БОЛЬШЕ, ЧЕМ ГОДОМ РАНЕЕ. ЭТО ТРЕВОЖНЫЙ ПОКАЗАТЕЛЬ ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ, КОТОРОЕ ВСЕ ЧАЩЕ ОКАЗЫВАЕТСЯ В ДОЛГОВОЙ ЯМЕ. ВМЕСТО ТОГО ЧТОБЫ ИЗБАВИТЬ НАРОД ОТ ДОЛГОВОГО БРЕМЕНИ, КРЕДИТЫ ПРОДОЛЖАЮТ НАВЯЗЫВАТЬСЯ НА КАЖДОМ ШАГУ.

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға шектеу қойылды ма?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "GPT чатын пайдалануға тыйым салынды" деген ақпаратқа пікір білдірді.

Қазақстандағы VIP нөмірлер нарығы: баға динамикасы мен сұраныс өзгерістері

Қазақстандық жүргізушілер жақын арада мемлкеттік көлік нөмірі үшін цифрлар мен әріптердің кез келген комбинациясын таңдай алуы мүмкін.

Маусым айында қазақстандықтарды қанша демалыс күні күтіп тұр?

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.