Қазақстанда бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысқанда грант сақтала ма?

2023/2024 оқу жылында Қазақстан бойынша 24 мыңнан астам студент бір жоғары оқу орнынан (ЖОО) екіншісіне ауысты. Оқу орнын ауыстырған кезде грант сақтала ма? Қосымша төлем жасау қажет пе? Бұл мәселелерді Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

Студенттер нені білуі керек?

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, студенттердің бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екіншісіне ауысуы жазғы және қысқы демалыс кезінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте даярлық бағыты, бағдарламаның бейіні, үлгерімі, оқу жетістіктері және академиялық адалдық нормаларын бұзу деректері ескеріледі.

Сонымен қатар, шығармашылық дайындықты талап ететін бағдарламалардан басқа бағдарламаларға ауысу тек ҰБТ сертификаты болған жағдайда мүмкін, оның балы қабылдау ережелерінде белгіленген ең төменгі шектен төмен болмауы тиіс. Басқа бағдарламалардан педагогикалық бағдарламаларға ауысу да белгіленген шектен төмен емес балл жинаған ҰБТ сертификаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

«Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда студент демалыс уақытында басқа ЖОО-ға ауысу туралы өтінішті ректордың атына жаза алады», – деп атап өтті министрлік.

Грант сақтала ма?

Мұны министрліктің баспасөз қызметінен нақтыладық. Нюанстар бар екені белгілі болды.

«Білім беру гранты бойынша оқитын студент басқа ЖОО-ға грантын сақтай отырып ауыса алады. Алайда, жекелеген ЖОО-ларға бөлінген білім грантымен оқуға түскен студенттер мен педагогикалық мамандықтарға квота бойынша түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ауыса алады», – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, басқа ЖОО-лардан ұлттық университеттерге ауысқан студенттер, магистранттар, резидентура тыңдаушылары білім беру гранты құнының айырмашылығын төлеуге міндетті.

«Ұлттық университеттердегі грант құны басқа ЖОО-ларға қарағанда жоғары. Сондықтан студенттер грант құнының айырмашылығын төлейді», – деп түсіндірді министрлік.

Министрлік студенттерді ауыстыру тәртібін белгілеу ЖОО құзыретіне кіретінін еске салды. Жоғары оқу орындары студенттерді ауыстыру ережелерін өздері әзірлеп, бекітіп, олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл ережелер 2018 жылы білім министрінің бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормаларға сәйкес әзірленеді. Қажетті құжаттар тізімімен egov.kz порталында танысуға болады.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.

ЖИ жүргізушілерді қалай бақылайды: Қазақстан жолдарында не өзгеруде? 

Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарында жасанды интеллектіні қолдана отырып, интеллектуалды көлік шешімдерін жүйелі түрде енгізу жалғасуда.

Декреттегі аналар жұмыссыз ретінде төлем ала ала ма? – Ресми жауап 

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға мемлекет төлем береді.

ЕО-да жанармай бағасы қымбаттады: 5 ел энергетикалық компанияларға салық енгізуді ұсынды 

Италия, Германия, Испания, Португалия және Австрия Еуроодақтан энергетикалық компаниялардың артық пайдасына салық енгізуді сұрады.

Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды 

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары басталғалы елде 30-дан астам университет шабуылға ұшырап, салдарынан 60 студент қаза тапты.