12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықты жеңу басты мақсат!

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр. Өйткені сыбайлас жемқорлық бар жерде елдің дамуы алға жылжымайды. Сондықтан елімізде жыл сайын жемқорлықпен күрес шаралары күшейтіліп жатыр. Уақыт сұранысына сай жемқорлықпен күрес жетілдіріліп отыру арқылы оның жолын кесу көзделіп отыр.

Жалпы қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде. Әрбір ел қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерінің ерекшелігі бірегей және тек саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге, діни ерекшеліктер мен құқықтық мәдениет деңгейіне, сондай-ақ алып жатқан аумақтың ауданына, тығыздығына, халық санына байланысты. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе» деген болатын. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.

Мадихожаева Турганкул Жолдасбековна, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...