12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заңбұзушылықтың алдын алуда айыппұлдың маңызы зор!

Елімізде айыппұлға қатысты түрлі көзқарас көбейіп тұр. Шын мәнінде кейбір заңбұзушылықтардың алдын алуда, азаматтарды тәртіпке салуда айыппұлдардың маңызы зор. Айыппұл жүйесінің тиімділігі, әділеттілігі және халыққа оң әсерін статистика көрсетіп отыр.

Мәселен қоғамдық орында біреуге балағат сөз айтып, түкіру, рұқсат етілмеген жерде шылым шегу, көшеде, подъезде алкогольдік ішімдік ішу секілді әрекеттердің барлығы ұсақ бұзақылыққа жатады. Және бұндай жағымсыз әрекеттерді жасаушыны тәртіпке шақырудың бірден бір жолы айыппұл. Осы орайда айта кетсек, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 3932 теңгені құрайды. Қазақстанда айыппұлдар АЕК мөлшерімен есептелетіндіктен, олардың сомасы да артады. Сәйкесінше азаматтарды тәртіпке шақырудың да жауапкершілігі арта бермек. «Тек жүрсең, тоқ жүресің» дегендей тәртіп бұзбай, айнаоасының мазасын алмай жүрген азаматтарды айыппұл да айналып өтпек.

Айыппұл әлемнің көп елдерінің қылмыстық заңындарында кеңінен қолданылады. Мәселен айыппұл Англия, Франция мен АҚШ-та қолданылу жиілігі бойынша кең таралған жазалау шарасы болса, Германия айыппұлды маңыздылығы жөнінен екінші орынға қояды. Қылмыстық жазалау түрі ретінде айыппұлдың артықшылықтарына мыналар жатады: түрмеде отырғандардың санының азаюы; шағын мөлшердегі қылмыс жасағандар мен түрмеде ұзақ отырған ауыр қылмыспен сотталғандардың арасындағы тікелей байланыстың болдырылмауы. Қалтасына салмақ түскенін сезінген әрбір азамат өзін қоғамда дұрыс ұстауға дағдылана бастауы айыппұлдың басты артықшылығы.

Атап айта кетсек, айыппұл — заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы. Әдетте айыппұл ақшалай түрде мемлекет пайдасына алынады. Сондықтан айыппұлға шошып қараудың қажеті жоқ, керсінше дамыған елге айналып, заңға құлақ асатын елге айналудың алғышарты деуге болады.

Бейсенбина Жазира Абдигалиевна, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...