12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда былтыр 202 адам өндіріс орнында қаза тапты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1 408 жұмысшы зардап шегіп, оның 202-і қаза болған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда 4,5 пайыз төмендеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,20 болды.

Республиканың өндірістік аймақтарында зардап шеккендер көп:

  • Қарағанды облысында — 159 адам;
  • ШҚО-да — 124 адам;
  • Павлодар облысында — 112 адам;
  • Абай облысында — 101 адам;
  • Қостанай облысында — 91 адам;

Сондай-ақ Алматыда 116 адам зардап шекті.

Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде — 18,3 пайыз және құрылыс саласында — 10,1 пайыз.

Жазатайым оқиғалар өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанынан (35,5 пайыз) жәбірленушінің абайсыздығынан (31 пайыз) жол қозғалысы ережелерін (8,2 пайыз) және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзғаннан (7,6 пайыз) болған.

Мобильді аударымдарды бақылау: 255 мың теңге шекті көрсеткіш бола ма?

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда айына 255 мың теңгеден басталатын мобильді аударымдарды бақылау туралы сұраққа жауап берді.

Қазақстанда бензин бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды

Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеудің күшін жою туралы бұйрық шығарды.

Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысының Қазақстандағы екінші АЭС салу алаңын анықтауға қатысты тапсырмасына түсініктеме берді.

Елімізде 1 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтері қымбаттайды

Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері көтеріледі.

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қыста қосымша бір апта демалады

Еліміздің бірінші сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша жеті күн демалады.