Беларусьте президент сайлауы басталды

Беларусьте президент сайлауында дауыс беру басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елде дауыс беруге арналған 5325 сайлау учаскесі ашылды, олар 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сайлаушылар саны 6900504 адам, оның ішінде 88 мыңнан астамы бірінші рет дауыс беретін азаматтар. Айта кету керек, Беларусь азаматтарының 41,81 пайызы 21-25 қаңтар аралығында мерзімінен бұрын дауыс берген.

2025 жылғы сайлауда сайлаушыларды учаскелердегі полиция бақылайды. Дауыс беру кабиналары ашық болады. Енді бюллетеньдерді суретке түсіруге тыйым салынады, бұл үшін айыппұл салынады.

Шетелде сайлау учаскелері болмайды. Басқа елде тұратын беларусьтарға Орталық сайлау комиссиясы Беларуське келуді ұсынады.

Айта кетейік, сайлауда бес кандидат тіркелген:

  • Александр Лукашенко (70 жаста), Беларусьтің алғашқы және қазіргі кездегі жалғыз президенті (Іс жүзінде 1994 жылғы 20 шілдеден бастап қызмет етеді). 1994, 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдардағы президенттік сайлауға қатысты. 2020 жылғы дауыс беруден кейін ол енді президенттік сайлауға түспейтінін айтқан болатын;
  • Олег Гайдукевич (47 жаста), өкілдер палатасының депутаты (Парламенттің төменгі палатасы), Беларусьтегі ең көп деп саналатын либералды-демократиялық партияның (ЛДП) жетекшісі;
  • Анна Канопацкая (48 жаста), кәсіпкер, бұрынғы өкілдер палатасының депутаты (2016-2019), 2020 жылғы президенттік сайлауға қатысып, ОСК мәліметтері бойынша 1,68 пайыз (97,4 мың) дауыс жинады;
  • Сергей Сыренков (41 жаста), 2024 жылғы мамырдан бастап Коммунистік партияның Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, бұрынғы өкілдер палатасының депутаты;
  • Александр Хижняк (46 жаста), 2022 жылдан бастап Республикалық еңбек және әділет партиясының төрағасы, 2018 жылдан бастап Минск қалалық депутаттар Кеңесінің депутаты.

Еске салайық, Беларусьтегі соңғы президенттік сайлау 2020 жылы өтті, президент тікелей дауыс беру арқылы бес жылға сайланады. Содан кейін дауыс беру қорытындысы бойынша Александр Лукашенко президент болып қайта сайланды.

Бүгіннен бастап несие алғаннан кейін одан 14 күн ішінде бас тартуға болады

2026 жылғы 12 қазаннан бастап Қазақстанда кепілсіз несие алған азаматтарға оны рәсімдегеннен кейін 14 күнтізбелік күн ішінде айыппұлсыз немесе өсімпұлсыз қайтару құқығы беріледі.

Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдан 12 адам қаза болып, 309 адам жараланды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Король Халид халықаралық әуежайына жасалған шабуылдан 12 адам қаза болып, тағы 309 адам жарақат алды.

Қазақстанда «Яндекс» сервистері неге істемей қалғаны белгілі болды 

Министрлік серверлер Қазақстанда орналасқанымен, кейбір сервистердің компоненттері шетелде екенін мәлімдеді.

Жұмыссыздарға төлем енді қалай беріледі? Қазаннан бастап не өзгерді? 

Вице-министрдің айтуынша, жаңа тәсілдің негізгі мақсаты – азаматтарды жұмысқа орналастыруға көрсетілетін көмекті нақты адамға бағыттап, оның сапасын арттыру.

Тоқаев Астанада ТМД елдерінің ЖИ форумын өткізуді ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді