12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот актісін түсіндіру сенімді нығайтады

Сот саласын дамытуда азаматтардың қосар үлесі қомақты. Міне сондықтан да соңғы жылдары сот отырысына қатысушыларға арнайы сауалнама жасалып, ондағы азаматтар пікіріне терең мән берілуде. Көпшіліктің пікірі, талап-тілегі сот саласының дамуына айтарлықтай әсерін тигізеді. Азаматтар айтқан сын саланың кем-кетігін түзеуге көмектессе, жолданған алғыс үздіктерді анықтауға, ал ұсыныс-пікір қай тұсқа жан-жақты көңіл бөлу керектігін ұқтырады. Соттың басты тұтынушысы – өарапайым халық. Сондықтан саладағы өзгерістер ең алдымен тұрғындар көңілінен шығып, тұрғындар қажетіне жарауы маңызды. Осыны ескергендіктен, сот жүйесінде азаматтардың пікірін тыңдауға, қоғамдық қабылдауларды, дөңгелек үстелдерді жиі ұйымдастырып, онда көпшіліктің ұсыныс-тілегін жинақтауға тұрақты көңіл бөлінеді.

Сот – ақ пен қара анықталатын орын. Әділдік алаңындағы шешімге екі тараптың бірдей көңілі толып шығатын кез сирек. Себебі сотқа жүгінген тараптардың қайсысы болса да, таразының өзіне қарай тартқанын қалайды. Мұндайда жеңген жақтың сотқа алғысын жаудырып, жеңілген тараптың кемшілікті өзінен емес, соттан іздейтін әдеті. Сондайда бұрын азаматтар сот шешімінің түсініксіз жазылғанына, заңдық терминдердің көп қолданылатынына шағымданатын. Сот шешімінің түйінін дұрыс түсінбегендіктен жоғары сатыға шағымданатындар да аз емес еді. Осыған орай Жоғарғы Соттың бастамасымен сот актілерін тараптарға түсіндіру тетігі қолға алынды.

Сот актісін түсіндірудың пайдалы жағы көп. Ең алдымен бұл азаматтардың құқықтық сауатын арттырады. Екіншіден, судьяның шешімнің мән-жайын қарапайым тілмен түсіндіріп, көкейдегі сауалдарға жауап беруі азаматтарға өз кемшілігін ұғынуға мүмкіндік береді. Мұның судьялардан да үлкен жауаптылық талап ететіні рас.  Себебі, өзі шығарған шешімнің мәні мен маңызын қарапайым тілмен, ұғынықты етіп түсіндіру судьядан сауаттылықты, мәдениеттілікті, тіл байлығының молдығын, жауаптылықты қажет етеді.

Кез келген сот актісі – қарапайым азаматтар үшін шығарылады. Сондықтан оның қарапайым жазылуы, түсінікті түзілуі және сенімді болуы, ең негізгісі тараптардың ойлау шеңберіне сай болуы басты шарт. Өз шешімін қарапайым тілмен, қысқа да нұсқа түсіндіре алмаған судьяның білімі мен біліктілігі күмән тудырады. Осыған орай судья сот актісін шығарған соң оның мазмұнын сауатты, қысқа, анық, түсінікті жеткізіп, тұжырымды, ықшам, дәлелді, логикалық жақтан дұрыс қолданып, сөйлеу мәнеріне көңіл бөлуі керек.

А.Кусаинова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...