spot_img
spot_img

Заң мен тәртіп басты орында

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру – біздің еліміздің басты қағидасы. Бұл қағиданың өміршеңдігін Мемлекет басшысы өз істерімен дәлелдеп келеді. Жыл басында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» басылымына кең көлемді сұхбат беруі сөзіміздің айқын дәлелі. Дәл осы сұхбатында Президент сот, құқық саласына ерекше көңіл бөліп, әділетті Қазақстан орнықтырудың, заң мен тәртіпті сақтаудың тетіктерін тереңнен толғаған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне сұхбат беруінің бірнеше жағымды жағы бар. Біріншіден журналистке ашық сұхбат беру арқылы Мемлекет басшысы халыққа жақын екенін, елдің көңілінде жүрген сауалдарға тыңғылықты, ашық жауап беруге қашанда әзір екенін көрсетеді. Екіншіден, осылай жұрт алдында шығып сұхбат беру арқылы Мемлекет басшысы барлық құзырлы орган жетекшілеріне оң үлгі көрсетті. Қауырт жұмысына, мемлекеттің қат-қабат мәселелеріне қарамастан халық өкілдерімен тілдесуге Президенттің уақыт табуы басқа басшыларды да ойлантуы, халыққа жақындатуы керек деп ойлаймын.

Үшіншіден, бұл сұхбат бұған дейін атқарылған істерге баға беріп, келер күнгі бағат-бағдарды айқындауға мықты өлшем.

«Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет. Онда азаматтардың бәрі заң алдында тең болады, заңдарды, ережелерді және нормаларды қатаң сақтай отырып, жалпыға бірдей мүмкіндіктерді толық пайдалана алады» деді Президент өз сұхбатында.  Сонымен бірге, әділетті мемлекет құрудың негізгі өлшемдерін көрсетті. Соның бірі – заң мен тәртіпті сақтау.

 «Заң мен тәртіп» қағидасы құқық қорғау саласына ғана арналған деп тұжырымдаған дұрыс болмайды. «Заң мен тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру» — деді.

Бұл шын мәнінде елінің ертеңінің жарқын болғанын қалайтын әр азамат үшін байсалды байлам, нақты меже. Мемлекетіміз көркейсін десек, баршамыз заң мен тәртіпке бағынуға тиіспіз.

С.Баймакулова,

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді

Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік...

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 68%-ға өсті

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 2023...

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын...