12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындады. Ел алдындағы мақсат-міндеттерді сауатты жүзеге асыра алатын мемлекеттік аппараттың қалыптасуына ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет жүйесі маңызды кезеңдерден өтті.

1992 жылы – «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» қабылданып, бұл құжат нарықтық қатынастар жүйесіне көшу жағдайында мемлекеттілікті қалыптастырудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындады.

1995 жылы — «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның қабылдануы мемлекеттік қызмет жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырды. Бұл заң мемлекеттік қызметтің мәртебесін, принциптерін және ұйымдастыру құрылымын айқындады. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыда даярлау үшін білім беру инфрақұрылымы құрылды. Одан кейін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін реформалар жүргізілді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін көтеру» туралы жарлығы қабылданды.

2007 жылы — Мемлекеттік қызмет басқару жүйесін мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік саясатты дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет реформасы» тұжырымдамасы қабылданды.

2015 жылы – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң қабылданды. Заңға сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесі аралас «позициялық-мансаптық» модельден «мансаптық» модельге көшті. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталды. Ішкі және жалпы конкурстар институты енгізілді.  Мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерінің ашықтығы заңнамалық негізде қамтамасыз етілді. Мысалы, байқаушылар мен сарапшылар институты енгізілді. Кандидаттармен әңгімелесу бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіле бастады. Жалпы конкурсқа ұсынылатын құжаттар саны қысқарды. Сынақ мерзімі енгізілді. Қызметшілерді үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету үшін олардың біліктілігін кемінде үш жылда бір рет арттыру міндеті бекітілді. Бұл заң мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін, қызмет көрсету тәртібін бекітті.

Одан өзге, мемлекет электронды қызмет көрсету жүйесін енгізу арқылы халыққа қызмет көрсету процесін жеңілдетті. Бұл қызметтер мемлекеттік органдардың ашықтығын және тиімділігін арттыруға ықпал етті. 2018 жылы басталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтің цифрландыруы қолға алынды. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру мен электронды қызметтерді дамытуға бағытталды. Ал 2019 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін көздейтін бірқатар өзгерістер енгізілді. Осылайша еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы тарихи тұрғыдан бірнеше кезеңдерді қамтыды. Бүгінгі күні, мемлекеттік қызмет жүйесі азаматтарға тиімді қызмет көрсету, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және экономиканың дамуына ықпал ету үшін дамып келеді.

Айсара Жилкибаева, Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...

Шынайы ақпарат сенімді нығайтады

Кез келген мемлекетте бұқаралық ақпарат құралдарының ролі зор. Өйткені,...

Тәуелсіз кассациялық соттың құрылуы сот төрелігінің сапасын арттыруға ықпал етеді

Кассациялық сот-бұл сот істері мен материалдарын кассациялық сатыда қарастыратын...