Қазақстандықтардың есепшоттары қандай жағдайда бұғатталады? Министрлік жауабы

Қазақстанның қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа қазақстандықтардың есепшоттары қандай жағдайда бұғатталатыны туралы сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексі аясында қарыз сомалары бойынша сараланған тәсіл қолданылады.

«Егер қарыздың бірінші сомасы 20 МРП-ға (2025 жылы 78 640 теңге) дейін болса, біз тек хабарлама жібереміз. Ал үлкен сомаларға келгенде, тек солардың есепшоттарын жабу шаралары қолданылады. Салықтардан бөлек, әлеуметтік төлемдер де бар: зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар», — деп түсіндірді вице-министр.

Биржановтың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлердің есепшоттары аз сомадағы қарыздар үшін жабылмайтын болады.

«1-10 теңге көлеміндегі қарыз үшін есепшоттарды жабуы мүмкін. Бірақ біз әлеуметтік блокпен осы мәселені қарап шықтық және бұл шек те ұлғайтылатын болады, яғни 1000 теңге қарыз үшін есепшоттар бұғатталмайды. Біз бұл шкалаларды көтеріп жатырмыз, көбірек көмек көрсетіп, не төлеу керектігін түсіндіреміз. Бізге де ұсақ сома үшін есепшоттарды жабу ыңғайлы емес. Бірақ салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша жалпы бақылауды жүргізуге міндеттіміз», — деп түйіндеді ол.

Қазақстанда бұған дейін 68 мыңнан астам салық төлеушінің есепшоты декларациялау мерзімдерін бұзу себепті жабылған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.