12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шынайы ақпарат сенімді нығайтады

Кез келген мемлекетте бұқаралық ақпарат құралдарының ролі зор. Өйткені, БАҚ атаулы халық пен билік арасындағы алтын көпір ғана емес, жалпы, қоғам тыныс-тіршілігінің айнасы. Мемлекеттік қызметте ашықтық мен жариялылық негізгі басымдықтардың бірі десек, бұл ретте соттар бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Соттарда ақпараттық бөлімдер, БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші судьялар бар. Сондай-ақ, сот қызметкерлері халықты құқықтық ағарту мақсатында жаңадан қабылданған заңдарды, азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау  нормаларын түсіндіру бағытында басылымдар мен әлеуметтiк желiлерде материалдар жариялайды. 

Соттардың сайттарында қаралып жатқан iстер, өткiзiлген шаралар,  жаңалықтар, т.б.  сот қызметі жайлы ақпараттар жүйелі түрде жарияланып отырады. Бұған қоса азаматтар құқықтары мен заңды
мүдделерiн қорғауға қатысты сұрақтарын қойып, қажетті жауап алады. Бұқаралық ақпарат өкілдерімен байланыс ақпарат алмасумен ғана
шектелмейді. Журналистердің құқықтық тақырыптарды жазуда туындаған сұрақтарына жауап беріледі. Себебі, құқықтық тақырыптарда жазатындар нақты ақпаратты соттардан алады. 

БАҚ өкілдерінің де, соттардың да көздегені бір мақсат, ол — қоғамымызда заң үстемдігін орнату. Сондықтан, журналистер қауымымен өзара түсіністікте жұмыс істеу сот, құқық, заң тақырыптарында жазылып-дайындалған мақалалар мен теле-радио бағдарламаларының санымен бірге сапасын да жақсартады. Мұндай сапалы жарияланымдар өз кезегінде жұртшылықтың құқықтық білімі мен мәдениетін көтеруге ықпал етеді.

Жалпы алғанда, сот реформалары, заңдардағы жаңашылдықтар, тың бастамалар халыққа дер кезінде жетуде. Еліміздің сот төрелігі сот ісін жүргізудің ашықтығы мен жариялылығына негізделген. Ашық сот отырысына ел азаматтарының қатыса алуы, тіпті, процесс барысын БАҚ өкілдерінің түсіруі сот жүйесінің ақпараттық тұрғыда ашықтығын көрсетеді. Соттар жұмысын қоғамға дұрыс жеткізу әрқашан да маңызды.  Бұл ретте  судьялар мен журналистер әділеттілік пен шыншылдықты тең ұстауы тиіс, яғни, шынайы ақпараттар  ғана халық сенімін нығайтады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпалы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. БАҚ пен соттардың өзара іс-қимылы сот төрелігінің жариялылық қағидаттарына негізделген соттардың қызметін шынайы, сенімді және жедел көрсетуге бағытталған. Шағын ақпараттан бастап, мақалалар мен сұхбаттардың сапасы жоғары және фактілері шынайы болса, БАҚ-тың да беделі артады.  

Журналистер де, соттар да қоғамдық мүддені қорғап, мемлекетіміздің даму
жолында еңбек етеді. Мемлекет басшысы айтқандай, ақпараттың ашықтығы мен дәйектілігі сот жүйесі қызметінің басым бағыты болып табылады. Осы себепті, арамызда қызметтік әріптестікті нық орнатып, қоғамымызда заңның нық үстемдік құруын қамтамасыз етуге тиіспіз.

Индира Абекова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Тәуелсіз кассациялық соттың құрылуы сот төрелігінің сапасын арттыруға ықпал етеді

Кассациялық сот-бұл сот істері мен материалдарын кассациялық сатыда қарастыратын...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен дамуы

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігін айтпаса...

Алқабилер сотының артықшылығы көп

Тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық стандарттар негізінде адамдардың құқықтары...

Важный шаг к совершенствованию судебной системы

Повышение эффективности и справедливости судебной системы – это одна...