Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны 20 қаңтарда Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады», — делінген хабарламада.

Жеделхатта Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының энергетика, ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі табысты дамитынына сенім білдірілген.

Еске салайық, бүгін 20 қаңтарда АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың ресми ұлықтау рәсімі өтіп жатыр.

Американдық порталдардың жазуынша, Трамптың ұлықтау рәсіміндегі сөзі ең ұзақ болды. C-Span есептеулеріне сәйкес, президент Трамптың сөзі шамамен 29 минутқа созылды.

Трамптың 8 жыл бұрынғы алғашқы ұлықтау рәсіміндегі сөзі 16 минуттан сәл асқан болатын.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...