Сапалы білім беруге бағытталған «Білімді ұлт» ұлттық жобасының екінші міндеті – орта білімнің сапасын арттыру. Атап айтқанда, өңірлер, қалалық жəне ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын азайтуға (PISA) негізделген.
Ұлттық жоба аясында оқушылардың білім сапасындағы алшақтықты азайту бойынша кешенді шаралар қабылданбақ. Үшінші міндет – мектептерді жайлы, қауіпсіз жəне заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету. Оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін 1000 мектеп салу жоспарланған. Нəтижесінде, үш ауысымды мектептерді жою жəне апатты мектептер үлесін 0,1%-ға дейін қысқарту көзделген. Аталған ұлттық жоба негізінде осы жылы шағын қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылып, балаларды оқыту үшін қауіпсіз жəне қолайлы жағдайлар жасау қарастырылған. Қолжетімді, сапалы техникалық жəне кəсіптік біліммен қамтамасыз ету «Білімді ұлт» ұлттық жобасының төртінші міндеті саналады. Осы жылы жастардың 100%-ы қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық жəне кəсіптік біліммен қамтамасыз етіледі. Бұл 9 сыныпты бітіргендерге қатысты болмақ. Бүгінде техникалық жəне кəсіптік біліммен қамту көрсеткіші 90%-ды құрайды. Министрліктің ақпаратына қарағанда, жоғарыдағы міндеттерге қоса 2025 жылы 329 мың оқушыға жаңа орын ашу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен жəне түзетумен 100% қамту, мектептерде интернет жылдамдығын 100%-ға арттыру, қосымша біліммен қамтуды 90%-ға дейін ұлғайту, 1000 заманауи физика, химия, биология, роботехника, STEAM пəндік кабинеттерін сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ 1300 ауыл мектебін жаңарту жобасы да биыл басталады. Қолжетімді, сапалы техникалық жəне кəсіптік біліммен қамтамасыз ету «Білімді ұлт» ұлттық жобасының төртінші міндеті саналады. Биыл жастардың 100%-ы қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық жəне кəсіптік біліммен қамтамасыз етіледі. Бұл 9 сыныпты бітіргендерге қатысты болмақ. Бүгінде техникалық жəне кəсіптік біліммен қамту көрсеткіші 90%-ды құрайды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 143 мың студент қабылданды. Қамтуды ұлғайту нəтижесінде NEET санатындағы жастар үлесін төмендету жоспарланған. Білім жүйесінің бұл бағытында биыл айтулы жыл болатын секілді. Себебі бұған дейін де айтылғандай, биыл Президенттің бастамасымен «Жұмысшы мамандықтары» жылы болып жарияланды. Осыған орай министрлік техникалық жəне кəсіптік білімге қарастырылатын мақсатты тапсырысты 10 мың орынға ұлғайтпақ. Қазір 30 мың студент түлектердің тəжірибе жинау мен жұмысқа орналасуын ұйымдастыратын кəсіпорындардың өтінімдері бойынша оқиды. Биыл олардың жалпы саны 40 мың адамға дейін артады. Сонымен қатар Үкімет мемлекеттік білім беру тапсырысының құнын 2 есеге арттыруды, шағын бизнес қаражаты есебінен 120 колледждің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру мен нығайтуды, колледж базасында 50 шағын кəсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Қазір колледждерде студенттер практикадан өтетін 40 шағын кəсіпорын жұмыс істейді. Келесі жылы тағы 10 шағын кəсіпорын ашылады. Негізі «Жұмысшы мамандықтары» жылындағы міндеттер межесі мұнымен біткен емес. Өйткені жұмысшы мамандарды колледждер дайындайтындықтан, дəл осы техникалық жəне кəсіптік білім саласының сапасы артуы тиіс. Оқу-ағарту министрлігі жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды, «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидаты бойынша еңбекқорлық пен кəсібилікті дəріптеуді мақсат етіп отыр. Бұл ретте белсенді кəсіптік бағдар беру жұмысын, жұмысшы кадрларды даярлау ісін жетілдіру, техникалық жəне кəсіптік білімнің тартымдылығын арттыру, жұмыс берушілердің жұмысшы кадрларды даярлауға жəне қолдауға қатысуын кеңейту, жұмысшы кəсіптерінің имиджін ілгерілету, жұмысшылардың құқықтарын қорғауды күшейту, жұмысшы жастардың əлеуметтік белсенділігін арттыру міндеті тұр.
Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»