Қазақстанда есірткі жеткізетін 94 арна жойылды

ІІМ есірті қылмысы бойынша 2024 жылды қорытындылады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылы ІІМ бақыланатын жеткізу әдісін пайдалана отырып, 21 іс-шара өткізген. Нәтижесінде есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасы анықталды, оның 55-і синтетикалық заттармен байланысты. 137 келіден аса синтетикалық есірткі және екі тонна прекурсор тәркіленген.

«Бұл бағытта халықаралық ынтымақтастық маңызға ие. Қырғыз Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, Жамбыл облысында екі сыртқы операция жүргізілді, бұл екі трансұлттық есірткі каналының жолын кесуге мүмкіндік берді. 16 келіден аса гашиш тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Былтыр барлығы сегіз мыңға жуық есірткі дерегі анықталды, оның ішінде 3 430-ы — қылмыс. Қылмыстық топ құру және оны басқару бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі тұтыну үшін притон ұйымдастыру және ұстау бойынша жеті дерек анықталды. 21 тоннадан аса есірткі тәркіленді, оның ішінде 547 кг синтетика, 2,5 кг героин, 10 тоннадан астам марихуана, 572 кг гашиш болған.

63 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі таратуға қатысты ақпаратты қамтитын 7400 интернет-ресурс анықталды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.