12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судья көмекшілерінің көмегі көп

Сот жұмысын жандандыратын, судьялар жұмысын оңтайландыратын бастамалар аз емес. Мұндай жаңашылдықтарды тәжірибеге енгізгеннен сот саласы да, қарапайым халық та ұтылмайды. Міне, сондай сотқа да, халыққа да тиімді болатын жобаның бірі – судья көмекшісі институты екені талассыз.

Судья көмекшісі институты дамыған, зайырлы мемлекеттердің көпшілігінде бар. Бұл жүйе сот жүктемесін жеңілдету, судьялар қателігінің алдын алу, істерді жан-жақты, сапалы қарау мақсатында қолға алынатыны белгілі.  Көмекшісі бар судьялардың тәжірибесін шыңдауына, шеберлігін арттыруына, ізденуіне мүмкіндік мол.

Жалпы алғанда судья көмекшісі институтының сот саласына ғана емес, жалпы қоғамға пайдалы тұстары аз емес. Соның біріншісі – бұл бастама сот корпусын сауатты, заңды жетік білетін, тәжірибе барысында шыңдалған кадрлармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Себебі, білікті судьялардың жанында жүріп, заңдарды парақтап, оларды қолданудың қыр-сырын меңгерген көмекшілердің ертең мықты судья боларына сенім мол.

Бастаманың екінші басымдығы – сот жүйесінде талай жылдан бері қызмет етіп, судья болуды арман еткен жандардың өз мақсатына жетуіне мүмкіндік сыйлауында. Көмекшілердің жұмысқа алынуы өз кезегінде сот мамандары арасында кәсіби біліктілігімен, сот жұмысын жан-жақты меңгеруімен көзге түскен, болашақта судья болуға лайық тұлғалардың легін қалыптастыруға себепші болады.

Үшінші басымдық – көмекшілер республика бойынша қаралған сот істерін жинақтап, ортақ тәжірибесін зерделеп, судьяларға нақты ақпарат ұсынғаннан кейін, істерді қараудағы ала-құлалық жойылып, біркелкі сот тәжірибесінің қалыптасуына да ықпалы зор.

Аида Абилмажинова,

Алматы қаласы

 Бостандық аудандық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...