Кітапхана – білім әлеміне ашылған есік

2024 жылдың 3 қыркүйегінде Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты «Сапалы білім беру» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының «6В04205 — Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс 106 топ студенттері әл-Фараби кітапханасымен танысу мақсатында Әл-фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы ашық есік акциясы аясында экскурсияға барды.

Әл-Фараби университетіне алғаш қадам басқан студенттер үшін әл-Фараби кітапханасы өзінің кеңдігі мен ерекшелігімен ерекше әсер қалдырды. Кітапхана қызметкерлері студенттерге арнайы экскурсия жасап, кітапхана бөлмелерімен таныстырды. Оларға оқу кітаптарын қалай және қайдан алуға болатыны туралы толық ақпарат беріліп, кітапханадағы жұмыс тәртібі түсіндірілді.

Кітапхананың бірінші қабатында орналасқан әл-Фараби мұражайы студенттер үшін ерекше қызығушылық тудырды. Мұражайда ұлы ғалым және философ әл-Фарабидің шығармаларымен танысу мүмкіндігі болды. Мұражайға экскурсия жасай отырып, студенттер ұлы ойшылдың ғылыми мұрасы мен шығармашылығы туралы тереңірек мәліметтер алды.

Шара мақсаты:  Әл-Фараби кітапханасы білім жолындағы маңызды орын болып табылады. Мұнда тек кітаптар мен ғылыми әдебиеттер ғана емес, сонымен қатар оқу процесін тиімді ұйымдастыруға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Студенттер үшін мұнда жұмыс жасау тәртібі мен кітаптарды пайдалану ережелері туралы толық ақпарат ұсынылды. Әсіресе, ғылыми жұмыстарды жазу барысында кітапхана ресурстарының маңызы зор екені айтылды.

Экскурсия барысында студенттер әл-Фараби кітапханасының білім алу жолындағы маңыздылығын терең түсініп, оның оқу процесіндегі рөліне жоғары баға берді. Кітапхана тек оқу залдары мен кітап қоры ғана емес, сонымен қатар студенттер үшін шығармашылық және ғылыми ізденістер жүргізуге арналған орта болып табылады.

1 курс 106 топ студенті Т. Космуханов, Топ эдвайзері С.Ш. Даубасова

ҚазҰУ түлектері — ел дамуының сенімді тірегі

Қазіргі қоғамда жоғары білім тек кәсіби дағды қалыптастыру құралы...

Тіл болашақ кепілі

“Болашақ - білімді жастар қолында» деген сөз жастайымыздан біздің...

ҚазҰУ-да тұрақты даму қағидаттарының жүзеге асуы

Қазіргі кезеңде әлемдік қауымдастық алдында тұрған басты міндеттердің бірі...

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...