12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Этикалық нормаларды сақтау міндет

Мемлекетіміздің болашағы соттардың әділдігімен  тығыз байланысты. Сондықтан, әділ сот төрелігін жүзеге асыру жауапкершілігі жүктелген судьяларға тек қызметте ғана емес, одан тыс уақытта да қатаң талаптар қойылады. Яғни, олар қызметтік және әдеп нормаларын барлық уақытта қатаң ұстануға міндеттелген. Қазақстандық судьялардың тұңғыш Әдеп кодексі ҚР Судьялар одағының бірінші съезінде, яғни, 1996 жылы қабылданды.  Содан бері кодекске бірқатар өзгерістер енгізілді.  Осы жылы өткен IХ съезде аталған кодекс  жаңартылды. Жаңа кодекс халықаралық стандарттарға толықтай сәйкестендірілген. Судья өзінің қызметтік міндеттерін атқаруда сот билігінің адалдығы мен сатылмайтындығын, әділдігін дәлелдеуі тиіс. Қолданыстағы әдеп кодексінде сот төрағасы мен сот алқасы төрағасының этикалық нормаларды сақтау тәртібі жеке дара белгіленген.

Атап айтсақ, онда  сот төрағасы мен сот алқасы төрағасының судьялар, сондай-ақ, сот қызметкерлеріне ұстамды болуы, олардың мінез-құлқына қатысты сынға төзімділік танытуы, объективті сын үшін тікелей немесе жанама қудалауға жол бермеуі қажеттігі айқындалған. Сонымен қатар, оларға судьяларды этикалық нормаларды бұзатын әрекеттерге итермелемеу және бұл жөнінде қандай да бір талап қоймау міндеттері жүктелген. Судьяның әлеуметтік желілер, хабар алмасу қызметтерін пайдалану, істі онлайн режимде қарау кезінде сақтауы тиіс талаптар нақтыланған. Сондай-ақ, отставкадағы судьяларға қоғамдық бiрлестiктер құру және олардың құрамында болу мүмкіндігі берілді. 

Судья жұртшылық тарапынан айтылған сынға жауап беруде абай болғаны абзал.  Қызметi мен беделіне қатысты таратылған сын негізсіз болған жағдайда  судья қадiр-қасиетін қорғаудың заңды жолын дербес таңдайды. Өйткені, судьяның тәуелсіздігі сыртқы ықпалдардан тәуелсіз болуын талап етеді. Әдеп кодексі судьяларды сыртқы қысымдар мен жеке мүдделерден, өзге де ықпалдардан қорғайды. Судья әдеп кодексінің нормаларын сақтау арқылы сот әділеттілігіне негізделген шешімдер қабылдайды.

Сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асыруы тиіс. Сондықтан, халықаралық судьялар қауымдастығының талаптары мен Біріккен ұлттар ұйымының этикалық нормаларына, Еуропа Кеңесінің стандарттарына және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, Банголор қағидаттарына негізделген әдеп кодексі  судьялардың жоғары кәсіби деңгейі мен моральдық жауапкершілігін қалыптастыруда аса маңызға ие. Оның  талаптарын мінсіз орындау сот жүйесінің сапасын арттырып қана қоймайды,  қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтып, азаматтардың құқықтарын жоғары деңгейде қорғауды  қамтамасыз етеді.

Ілияс Мұхадиұлы,

Талғар аудандық сотының судьясы

Алматы облысы

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...

Негізсіз баюдың соңы жақсылыққа апармайды

«Уәдені бұзған – ұяны бұзғанмен тең», «Ақшадан уәде күшті»...