12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

       Бала құқығын қорғау-мемлекеттің мықты тұғырын қорғау

        Балалар қауымы өз құқығын қорғай алмайтын азаматтар санатына жататындықтан, халықаралық ұйымдар мен мемлекет тарапынан өзге азаматтар сынды құқығы заңды түрде қорғалып бекітілген. Бала құқығы адам құқығымен тең. Ендеше балаға сондай артықшылық пен өзгешелік беретін юриспруденциялық құжаттарды қарастырып көрейік.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының құрамдас бөлігі саналатын тағы бір ірі заңдық акті бар. Ол – БҰҰ Бала құқығы жөніндегі Конвенция. Бұл Конвенция 1989 жылы Нью-Йоркте 20 қарашада қабылданған. 1990 жылы 2 қыркүйекте күшіне енді.

Бұған дейін тағы екі ірі құжат болған. Оның бірі – 1924 жылы қабылданған Бала құқығы жөніндегі Женева декрациясы болса, екіншісі – 1959 жылы БҰҰ қабылдаған Бала құқығы жөніндегі декларация. Конвенция осы декларацияның заңды жалғасы саналады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылы құрылғаннан бастап бала құқығына ерекше мән берді. БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған алғашқы заң актілерінің бірі де осы бала құқығына байланысты. БҰҰ жанында Балалар қоры құрылып, әлі күнге дейін балаларға көмек көрсетуші негізгі халықаралық тетікке айналды.

1948 жылы БҰҰ Адам құқығы жөніндегі декларация қабылдаған кезде де балаға ерекше қамқорлық пен көмек керек екені анық жазылды.

Ұлттар ұйымы 1959 жылы жоғарыда айтқанымыздай бала құқығы жөніндегі декларацияны қабылдады. Мұнда бүкіл адамзат қолда бар жақсының бәрін балаға беруі тиіс деп көрсетілді. Бала құқығын халықаралық деңгейде қорғау жөнінде мәселе көтерілді. Декларация ата-аналарды, жеке тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдарды, жергілікті билік пен ел үкіметтерін  бала құқығы мен бостандығын мойындауға және оларды сақтауға шақырды. Сондай-ақ, декларацияда балаға ерекше қорғаныс беріп, бостандығы мен қадір-қасиетін құрметтеу, барынша жақсы жағдай жасау керек деп көрсетілді. Бұл құжат әлем елдерінің үкіметіне үлкен әсер етті.

Бірақ Біріккен Ұлттан Ұйымы бала құқығын қорғау жолында декларацияның күші аз екенін түсінді. Оның орнына жаңа құжат – Конвенция қабылдау керек деген ой айтылды. Декларация мен Конвенцияның айырмасы жер мен көктей. Декларация дегеніміз – заңдық күші жоқ, рекомендация деңгейінде жасалған нұсқаулық акті болса, Конвенция дегеніміз – БҰҰ-на кіретін елдің бәрі қабылдауға, орындауға тиісті келісімшарт.

Декларация 30 жыл бойы толықты, өзгерді, жаңа ұғымдар мен түсініктер енгізілді. 1979 жыл «Халықаралық балалар жылы» деп аталды. Сол уақытта әлемдік деңгейде келісімшарт жасау жөнінде ой айтылып, БҰҰ бала құқығын қорғауда қордаланып қалған мәселені шешуге бағыт бұрды. Содан 10 жылдан кейін Бала құқығы жөніндегі Конвенция қабыланды.

   Қазір Конвенция 54 баптан тұрады. 1-бапта «18 жасқа толмаған әрбір адамның бәрі – бала» деген анықтама берілген.

Әрбір бала нәсіліне, түр түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан барлық құқыққа бірдей ие. Бірде-бір бала әділетсіздікке ұшырамауы керек. Бұған ешқандай себеп жоқ.Шешім қабылдау барысында ересектер алдымен бұл шешімдердің балаларға қалай әсер ететіндігі жайлы ойлануы керек. Ересектердің барлық әрекеті балалардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Үкіметтер бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.

Бұл Конвенцияда баланың жақсы өмір сүріп, жақсы білім алып, денсаулығын аман ұстау үшін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық талаптар қарастырылған. Қазіргі таңда осы конвенцияның арқасында дүниежүзіндегі 96 пайыз баланың құқығы қорғалып келеді.

Н.Бирманова

Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының  хатшысы.                                                                                                      

Важный шаг к совершенствованию судебной системы

Повышение эффективности и справедливости судебной системы – это одна...

Судья көмекшілерінің көмегі көп

Сот жұмысын жандандыратын, судьялар жұмысын оңтайландыратын бастамалар аз емес....

Медиацияның тиімді тұсы көп

Елде даудың көбеюі халықтың бірлігіне салқынын тигізеді. Дау артқан...

Дербес кассациялық соттар – азаматтар сенімінің кепілі

Азаматтар өз құқығы мен бостандығының мінсіз қорғалғанын, сапалы қаралғанын...