12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот кабинеті — қолжетімділіктің жалғыз терезесі

2014 жылы сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі  болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық сервисі іске қосылған болатын.

Электронды формат түрінде «Сот кабинеті» ең алдымен халыққа, сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Дәл осы кабинет арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығын да онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.

Аталған сервис біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда сот ісін жүргізудің жаңа сатысына  көшуге мүмкіндік береді.

Сервистің қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда  «Сот кабинеті» сервисін  пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының түпнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы  мүмкіндік береді.

Сот кабинетіне кіру үшін міндетті түрде электрондық цифрлық қолтаңба ( ЭЦҚ) болуы қажет.

Сот кабинеті халықтың сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар «Сот кабинеті» арқылы  әкімшілік құқық бұзушылық істерді де жолдау қарастырылған.

Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы  сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігі мен тағайындалған сот отырыстары туралы  ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режимде табуға, тапсырылған құжаттар сервисі осы қосымшаны  пайдаланушыға мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына, сот кабинеті «Веб-сервисі» арқылы жолданған барлық құжаттарды  көруге, хабарлау сервисі арқылы – пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының  мәртебесін бақылап отыруға, сот процесі  қатысушыларының күнтізбесі сервисі, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырысы туралы мәліметтерді көрсетуге, чат сервисі қосымшасы пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

Бұл механизм сот жүйесіне қолжетімділікті арттырудың кезекті қадамы болып табылады және  осы бағыттағы  тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Азаматтар мен уәкілетті  органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру біздің негізгі мақсат болып табылады.

 Ақмола облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандырылған ауданаралық

сотының бас маманы 

Гульназ Корғанқызы Садвакасова

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...

Негізсіз баюдың соңы жақсылыққа апармайды

«Уәдені бұзған – ұяны бұзғанмен тең», «Ақшадан уәде күшті»...