12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесінде жұмыс сапасы тәртіптен басталады

Кеңес Одағының батыры, жазушы  Бауыржан Момышұлының  «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзін біз еңбек ететін Алакөл ауданының   №2 аудандық сотында берік ұстанамыз. Ата Занымызға негізделе жасалған Қазақстан Республикасының «Сот приставтары туралы» Заңының 1-бабы  1-тармағында «Сот приставы — мемлекеттiк қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам» деп нақтыланған. Төл  міндетімді мінсіз атқарудамын. Түрлі мәселелермен сотқа жүгінетін жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн заңнамада көрсетілген  мiндеттi талапқа сәйкес қоя білгендіктен  сот ғимаратында тәртіп сақталуда. Қалыптаса бастаған жұмысымызда заңды білу, сыйлау және құрметтеуден тұратын құқықтық мәдениет берік орын алады. Біз ешкімді міндеттемейміз. Жылы шыраймен ілтипат таныта сәлемдесуден басталатын қызметімізде құқықтық мәдениеттілігімізбен  көрсетеміз. Қарапайым халыққа жүз рет айтқаннан гөрі бір рет көрсетсеңіз сотта тәртіпті сақтау керектігін аңғарып, тез ұға қояды. Мұны жылдар бойы еткен еңбектің  бір өтеуі ретінде көңіліңізге  түйіп салқынқандылықтан таймасаңыз жеткілікті. Қандай да бір мәселемен сотқа арыз, шағым, өтініш түсіріп сот алды тыңдауына, сосын сот отырысына келетін адамдарды зиялы қауым өкілі, қарапайым тұрғын деп бөлмейміз, алаламаймыз сотқа жүгінген тараптар ретінде заңнама шеңберіндегі әрекетімізді етеміз. Ел құлағы  елу демекші бізде қалыптасқан тәртіпті, жақсы үрдісті  адамдар бір-біріне айтатындықтан да болар  сотқа жүгінушілер  теріс мінез көрсетуден гөрі мәдениеттілігін таныта тәртіпті сақтайды.

Қазақта «Бұлақ басынан тұнады» деген жақсы сөз бар. Төрағамыздың көрсеткен үлгілі ісімен қызметкерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатып аудандық сотта атқарылған  және атқарылып жатқан жұмыстарымызды үзіліссіз жариялап отырады. Бұл  шалғайдағы аудандық сот жүйесінде жариялылыққа жарқын жол ашылғанының бір дәлелі  болып саналады. Бір ғана мысал ретінде мемлекеттік тілде таза сөйлеп, жазудан бастап әр салада тармақтала атқарған жұмысымызды  көрсететін  мақалалардың республикалық «Заң газеті»  жариялап тұратынын айтуға болады. Тұрғылықты мекен-жайымызға да арнайы жаздырып алатын осы газеттің  тұрақты оқырмандары болғандықтан газеттің бізге берері мол. Әріптестерімізбен осы басылым арқылы тәжірибе алмасу да ойымызда бар. Сөйтіп, заман  ағымына сай төл міндетімізді адал атқарудан ұтпасақ ұтылмаймыз.

Қорыта айтқанда, күнделікті жұмысымыздағы түрлі мәселелерді мысал ретінде келтірсек жетіп артылады. Сол жұмыстың жақсы атқарылып, өзіндік нәтижесін көрсеткенін, мәйегін бірер сөзбен жеткізу әдептітіліктен аспау деп санаймын.

Маратхан Зәуренбеков,

Алакөл ауданының  №2 ауландық  сотының аға  сот приставы

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...