Сот жұмысына, судьялар шығарған сот актілерінің сапасына арызданушылар аз емес. Сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші болады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы дауларды болдырмау жағына қарастыру барысында, атап айтқанда: сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне жазбамен өтуі, электронды сот отырыс залдарында электронды түрде әкімшілік құқық бұзушылық істерді қаралуы, тараптардың істегі материалдармен электронды түрде таныса алуы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істі тез арада қарау және қаулыны заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мәлімдеуге, сот процестері онлайн тәртібінде өтуі,қаулыны электронды түрде алуы, бұл қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама төмендеткен болатын.
Жоғарғы Сот төрелікке деген сенімді одан ары арттыру мақсатында 5 шілде 2024 жылы Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кассация сот жүйесіндегі үш сатының бірі ретінде Жоғарғы Соттың құрамында өз міндетін атқарып келеді.
Алайда, аталған сатыда барлық істерді қайта қарауға мүмкінді болмады. Себебі кассациялық сот алқасы өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайтын.
Басты жаңалық биыл шілде айында кылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құруды қарастыратын заңға қол қойылды.
Сонымен 1 шілде 2025 жылдан бастап елімізде дербес кассациялық соттар өз қызметіне кіріседі.
Сондай-ақ бірыңғай кассациялық тәртіп заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарап, 6 ай мерзім ішінде істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарауды қамтитын болады.
Кассациялық соттың қандай пайдасы бар деген сұрақ туындайды?
Кассациялық сот төменгі органдар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады.
Кассациялық сотың негізгі міндеті- сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірулерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Кассациялық соттардың әділдік қағидаттарын және құқық үстемдігін толық жүзеге асыруға ықпал етеді. Заң тәжірибесінде маңызды роль атқарады және құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді.
Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді.
Бұл істі кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ деген сөз. Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.
Төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін.
Бұл өзгеріс сот жүйесінің дамуы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына барынша ықпал ететіні сөзсіз.
Өскемен қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған соты
әкімшісінің басшысы Ш.А.Ислямова