Сенат ЕАЭО аясында қоймалық куәліктер туралы заңды мақұлдады

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын мақұлдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті бұл заң жобасын кеңейтілген отырыста талқылап, оның негізгі мақсаты ЕАЭО елдеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын қолдау екенін атап өтті.

Келісімнің басты артықшылықтары:

  • Қоймалық куәліктердің айналымын қамтамасыз ету және қаржы ресурстарына қолжетімділікті арттыру;
    Аграрлық сектордың кірістілігін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасын дамыту;
  • ЕАЭО елдерінде қоймалық куәліктерді кеңінен пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілге қойып қаржыландыру мүмкіндіктерін ұлғайту.

Келісімнің орындалуын бақылау және қоймалардың міндеттемелерді орындау жүйесі әр елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте талаптарды ЕАЭО Кеңесі анықтайды. Сенаттың тұрақты комитеттері заңға қатысты ескертулерсіз оны Сенаттың қарауына ұсынды. Құжат Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мақұлданды. 

КУӘЛІКТЕР БЕС ЕЛДЕ ЖАРАМДЫ

2023 жылы 31 шілдеде 5 мемлекет қол қойған Келісімді Қазақстан тарабы ратификациялап отыр. Бұл еліміз үшін ауыл шаруашылығындағы цифрландыру деңгейін одан әрі арттыруға, елдің экономикалық дамуын жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. Қоймалық куәліктер шығарылатын (берілетін) ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері ЕАЭО елдерінің заңнамасымен айқындалады. ЕАЭО елдерінде шығарылған (берілген) қоймалық куәліктер тізілімдеріне енгізілген және шарт талаптарына сәйкес келетін қоймалық куәліктерді осы мемлекеттер өзара мойындайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.