«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту жұмысын ұйымдастыру»

Бүгін «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі акт залында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырысы аясында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлесе атқарылған жұмыстары жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шара барысында «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Әлімбайұлы Джумадилаев әлеуметтік маңызды жобаның мақсат міндеттерімен таныстырды. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіруді және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Исаев Ауелбек Қорғанбекұлы және шараға қатысқан барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарының қызметкерлері өз жұмыстары жөнінде мәлімет берді.
Сонымен қатар 60 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарұлы 2024 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама оқыды. Шара соңында барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар атқарылған жұмыстары мен алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстары жөнінде пікір талас жүргізіліп, әлеуметтік маңызды жобаны бірлесе жүзеге асыратындығын атап өтті.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...