12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету – елдік іс

Мемлекеттік тіл мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын басты
белгілердің бірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
Қазақ тіліне бұл мәтебе еліміздің негізгі заңы Конституциямен берілді. Тіл
туралы заң қабылданды. Алайда, қоғамымызда мемлекеттік тілдің қолданыс
аясын кеңейту мәселесінің әлі күнге дейін өзекті болуы барша
қазақстандықты ойландыруы тиіс. Себебі, қазақ тілі тек Қазақстанда ғана
қолданылады. Сондықтан, тәуелсіздіктің арқасында мемлекеттік мәртебеге
ие болған тілімізді құрметтеп, осы тілде сөйлеу елдік іс. Бұл жекелеген
адамдардың ғана міндеті емес, Қазақстанның әрбір азаматының өзі өсіп-өніп
отырған ел алдындағы азаматтық парызы.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ата Заң бойынша
Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын
Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға
тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі» деген болатын. Сондықтан,
мемлекеттік тілді тағдыры ешкімді де бейжай қалдырмауы керек.
Қазақстан Республикасының сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мәртебесі
жоғары деуге болады. Судьялар сотқа түскен істерді екі тілде бірдей
қарайды. Сот төрағаларының өкімдерімен мемлекеттік тілді қолдану,
дамытумен айналысатын комиссиялар, жауапты мамандар белгіленіп, нақты
іс-шаралар мақсатты түрде жүзеге асырылуда. Дегенімен, соттарда қазақ
тілінде қаралатын істер көрсеткішінің аздығын ресми ақпараттар растайды.
Сондықтан, сот ісін толықтай мемлекеттік тілде жүргізу тек судьяға
байланысты емес екенін айтқымыз келеді. Соттар сот төрелігін атқаруда
заңға ғана бағынады. Ал Азаматтық іс жүргізу кодексімен азаматтық iстер
бойынша сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiлетіні, қажет болған жағдайда сот
iсiн жүргiзуде мемлекеттiк тiлмен орыс немесе басқа тiлдер бiрдей
қолданылатыны айқындалған. Талап арыз сотқа қай тілде түссе, істер сол
тілде жүргізіледі.
Талап арыз орыс тілінде берілгенімен, талапкер бұл тілде еркін сөйлей,
яғни, өз ойын толық жеткізе алмайтын жағдайлар да кездеседі. Мұны олар
талап арызды мемлекеттік тілді білмейтін адвокат жазып бергенімен
түсіндіреді. Азаматтық істер бойынша соттарда мемлекеттік тілдің
толығымен салтанат құруы адвокаттар мен азаматтарға байланысты. Егер
талап арыз мемлекеттік тілде түссе, судьялар істі қазақ тілінде жүргізуге
әрқашан да дайын.
Алаш ардақтысы Халел Досмұхамедұлының «Өз тілін білмей тұрып, жат
тілге еліктей беру – зор қате» деуі бекер емес. Мемлекеттік тілдің тағдыры өз
қолымызда, сондықтан, барлық салада, отбасында, т.б. жерлерде қазақ тіліне
басымдық беріп, оның мәртебесін биіктетуге тиіспіз. Тәуелсіз еліміздің
болашағы қазақ тілімен ғана нық болатынын ұмытпайық.
Айдар Утебеков,
Бостандық аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Елдің өркендеуі жүйе жұмысын жаңа деңгейге көтерді

Тәуелсіздік таңы атқалы 33 жыл болды. Осы жылдар ішінд...

Электрондық сервистердің ауқымын кеңейтуге басымдық берілуде

Сот әкімшілігі – сот жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, сапалы атқарылуына...

Алқабилерге де жауапкершілік бар

Сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін дәлелсіз себептермен келмеген азаматтың...

Татулық — ел тірегі

Татулық – қоғамның негізі, халықтың рухын көтеретін, мемлекетіміздің тұрақтылығы...

Алимент төлеуден жалтарғандарға жаза қандай

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан...