12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Татулық — ел тірегі

Татулық – қоғамның негізі, халықтың рухын көтеретін, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты фактор. Қазақстанның көпұлтты құрылымы, мәдени әртүрлілігі татулықтың ерекше маңызын көрсетеді. Біздің елде 130-дан астам этнос өкілдері өмір сүріп, әрқайсысының мәдениеті, тілі мен дәстүрлері сақталып, дамуда. Бұл әртүрлілік тек байлық қана емес, сонымен қатар қоғамдағы татулықтың негізі болып табылады.

Татулық – халықтың бірлігі мен ынтымақтастығының символы. Ол жеке адамдардың, этностар мен мәдениеттердің арасындағы өзара құрмет пен түсіністікті қалыптастырады. Татулықтың арқасында халықтың мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Бірлік – қоғамның нығаюына, даму мен прогреске жеткізетін жол.

Татулықтың мәні, әсіресе, қиын-қыстау кезеңдерде, халықтың бірлесе әрекет етуінде, бір мақсатқа ұмтылуында көрінеді. Тарихымызда ел тәуелсіздігі үшін күрескен, түрлі сындардан өткен кезде халықтың бірлігі мен татулығы мемлекетіміздің тарихында ерекше орын алды. Бұл қасиеттер елдің бірлігін сақтап, қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік берді.

Татулық әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылықтың негізі болып табылады. Халық арасындағы сенім мен құрмет болған кезде, бұл қоғамдық келісімді нығайтады. Татулық болмаған жағдайда, этникалық және әлеуметтік қайшылықтар туындап, қоғамның тұрақсыздығына әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, экономикалық даму тұрғысынан, татулық кәсіпкерлер мен инвесторларға елімізде өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тұрақты қоғамда бизнес өкілдері өз қызметін сенімді түрде жүргізе алады, бұл өз кезегінде экономикамыздың өсуіне септігін тигізеді. Инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, жаңа технологияларды енгізу – бәрі де татулықтың арқасында мүмкін.

Жастарды патриотизмге, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу – татулықты нығайтудың басты жолы. Білім беру жүйесінде ұлттық мәдениетті, дәстүрлерді және халықтар арасындағы достықты насихаттау, мектептер мен жоғары оқу орындарында этносаралық қатынастарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды енгізу татулықты сақтаудың негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Одан бөлек, әлеуметтік жобалар мен бастамалар арқылықоғамдық ұйымдар әртүрлі этникалық топтардың мүдделерін қорғап, олардың өзара түсіністік орнатуына ықпал ете алады. Халықаралық және жергілікті ұйымдар татулықты насихаттайтын бағдарламаларды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Және әр түрлі діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамытып, діни конфессиялардың бірлесіп жұмыс істеп, татулықты насихаттауы қоғамдағы бейбітшілікті сақтау үшін маңызды. Дін өкілдерінің бірлескен іс-шаралары, форумдар мен семинарлар татулықты нығайтуға ықпал етеді.

Татулық – елдің тірегі, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығының нышаны. Татулықты сақтау, насихаттау және нығайту – әрқайсымыздың міндетіміз. Тек бірге ғана біз дамыған, тұрақты, болашағы жарқын қоғам құра аламыз. Татулықсыз ешқандай жетістікке жете алмаймыз, сондықтан да бұл құндылықты қорғау және дамыту – әр азаматтың парызы. Біз татулықты күшейту арқылы, еліміздің дамуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылығына үлес қосамыз.

Түркістан облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы Әбілақ Зарина

Алимент төлеуден жалтарғандарға жаза қандай

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...