Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен шаруашылық бөлімінде қалдырылған сотталғандарға іс –шара өтті. Іс- шараға Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебеп кітапханасының қызметкерлері «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – сотталғандарға рухани азық беріп, олардың ішкі дүниесін байыту, әрі қоғамға қайта оралуға дайын болуға көмектесу.

Кітапхана қызметкерлері көрмеде ұсынылған кітаптармен таныстырып, дін мен тарихтың терең философиялық мәні мен қоғамдағы рөлі және діннің, тарихтың адам өміріндегі маңызын, сондай-ақ тарихтың әрбір кезеңіндегі маңызды оқиғалар мен тұлғалар туралы айтып өтті.

Бүгінгі шарада дін және тарих тақырыбында жаңа кітаптармен таныстыра отырып, осы кітаптар туралы ақпарат берді. Жазамызды өтеп жатқан мекемеде кітапхана бар. Кітапханадағы кітаптар жаңартылып тұрады. Бос уақытымда кітапханаға келіп, әдеби кітаптар жаздыртып алып оқимын. Кітап оқу арқылы ой –өрісің кеңейтіп, рухани білімің де артады. Оқыған кітаптарым өмірге деген көзқарасымызды өзгертуге септігін тигізуде,-дейді сотталған азамат.

Рухани шарадан жақсы мағұлматтар алған сотталғандар ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...