12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза сөйлеумен шектелмейді. Сот жүйесіндегі іс қағаздарын талапқа сай сауатты жазу, талапкерлер мен жауапкерлерге белгіленген уақыттан кешіктірмей жауап хат жіберу секілді көзге көріне бермейтін бірақ үлкен жауапкершілікті жүктейтін жұмыстарды да мұқият атқарумен де өлшенеді. Бұл орайда өзім еңбек ететін Алакөл ауданы 2 аудандық соты қызметкерлерін үлгі тұта аламын. Төраға да қатардағы судья да аудандық сотқа келіп түскен істерді мемлекеттік тілде қарап, заңнама талабына сай шешімдер мен қаулылар, ұйғарымдар шығаруға әбден төселіп алған. Заң талабы бойынша сотқа арыз қай тілде түссе сол тілде қаралады. Тағы бір айта кетер жайт ауданымызға түрлі себептермен көшіп келіп, тұрақтап қалған орыс, татар ұлтарының бүгінгі ұрпаға қазақ тілін жетік меңгерген. Сондықтан өмір қажеттілігіне орай сотқа арыз түсіру меселесі туындап жатса барлығы арызды қазақ тілінде түсіреді. Мұны мемлекеттік тілге деген құрмет деп санаймыз.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып, күшіне енген заңнамаларды дер кезінде біліп, қызметімізде пайдалану төл міндетімізді мінсіз атқаруда көп көмегін тигізеді. Сот жүйесіндегі білімі терең, тәжірибесі мол әріптестеріміздің мақалаларын, сұхбаттарын оқығанда әр қызметкер өзіндік ой түйе білетіні анық. Сондықтан мерзімдік басылым  дегенде біз республикалық «Заң газетінің» тұрақты оқырмандары болып саналамыз. Кеңсемізде газет тігіндісін жасап, бір санын қалтырмай тігіп отыруға қалыптасқанбыз.Үйімізге де жаздырып алып тұратынымыз тағы бар.

Мемлекеттік тілді  аудандық сотта пайдалану, жалпы осы заңнама талабына сай қызмет көрсету мәселесі туралы есеп сұралып, тексерулер жүргізілгенде біздің аудандық сот тек жақсы қырынан көрінуде. ­Өйткені, басшылықтың талап ету бойынша әу баста негізі дұрыс қаланған. Ендігі міндет – мемлекеттік тілде мінсіз қызмет ету болып саналады.

Бақытгүл Ордашева,

Алакөл ауданы №2 аудандық соты

Әкімшісінің басшысы

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...