Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында спорттық іс-шара өтті. Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл шараны Қызылорда облыстық спорт басқармасымен бірлесіп өткізілді. Спорт саласының мамандары төрағалық етті. Жазсын өтеушілер асық ату, ләңгі теуіп жарысқа түсті. Жарыс қызық әрі тартысты өтті. Сотталғандарды көтермелеу мақсатында марапаттаулар болды. – Бұл жарысты қылмыс жасаған азаматтарды түзелу жолына бағыттау мақсатында өткізіп отырмыз. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың ой-өрісін психологиялық тұрғыда тәрбиелеу және еңбекке баулу мен әртүрлі спорттық шараларға жиі қатыстырып тұрамыз. Өйткені спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар темір торда телміріп отыра бергенше, әртүрлі қимыл қозғалыстарға түскенде, бойларына қан жүгіріп, санасы сергіп, бостандықтағы мақсаттарына деген талпынысы артады, – дейді бөлім бастығы Азат Батырбеков.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...