12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты зейнеткерлер» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үймен қамтамасыз етілуі мүмкін азамат ретінде тіркелген.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімімен талап қоюшының кезектілігі 2011 жылдың сәуірінен 2016 жылдың ақпанына ауыстырылған.

Талап қоюшының кезектілігінің ауыстырылуы туралы шешімге оның Ақмола облысында тұрғын үйі болғаны, оны 2010 жылғы 22 желтоқсандағы сатып алу-сату шартының негізінде иелігінен шығарғаны негіз болған.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыра отырып, 2010 жылғы 22 желтоқсандағы тұрғын үйді және жер учаскесін сатып алу-сату шартынан талап қоюшы пәтер мен жер телімін сатып жібергені туралы қорытындыға келді.

Сондай-ақ, есепке қою кезінде талап қоюшы тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынған, пәтерді иеліктен шығару туралы фактіні жауапкерден жасырмаған. Ол талап қоюшының адалдығын дәлелдейді.

Талап қоюшы мүгедек баласымен бірге тұрады.

Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісті.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Медиация әділ шешім негізі

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде медиация кеңінен қолданыла бастады....

Дәлелдемелер дер уақытында ұсынылуы тиіс

Азаматтық процестік кодекстің 73-бабында дәлелдемелерді ұсыну нормалары көрсетілген. Мұны...

ӘРПК-дағы татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Кез келген даудың сотсыз бітуі азаматтар мен сот үшін...

Абыройы асқақ тұлға

Бүгінгі мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз, еңбегімен танылған, ұрпаққа...

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...