spot_img
spot_img

Қауіпсіз қоғам құру басты мақсат!

Жақында халыққа арнаған Жолдауында мемлекет басшысы «Тағы бір мәселе – азаматтардың қауіпсіздігі. Жеке адамнан бастап тұтас қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Көптеген елде, тіпті кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде қылмыс пен тәртіпсіздік өршіп тұрғанына қарамастан, біз соңғы жылдары қауіпсіз қоғам құру жолында едәуір жетістікке жеттік. Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тыйылып келеді. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды.  Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді» деген болатын. Қауіпсіз қоғамның басты кепілі заң екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда елімізде соңғы жылдары халықтың құқығын қорғау бағатында көптеген заңдар талқыға түсіп, қабылданды.

Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет екеніне тоқталып, Заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты деп, құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне баса мән беруді міндеттеді. Демек ендігі жерде бұл бағыттағы жұмыстар жандана түспек.

Азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Олардың құқықтары мен бостандықтары, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғалуға. Сонымен қатар, әр адамның құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына және білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Ата Заңымызға сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе басқа да жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Жалпы біздің елімізде тәуелсіздіктің алғаш­қы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құ­қық­тары мен бостандықтарының сақ­талуына жете маңыз беріліп келеді. Со­ның айқын бір көрінісі Конститу­ция­мыз­дың 1-бабында адам құқықтарын сақ­тау нормасы бекітіліп, 30-бап түгел­дей аза­мат­тардың құқықтарына, бостан­дық­тары­на, мүдделеріне арналды. Бұл демо­кра­тиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын сақтау тетіктерін іске асы­руға, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейту еліміздің басты мақсаттарының бірі!

С.Б. Аршабекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...