12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот бұрынғы әскери қызметшінің тұрғын үй төлемдерін алу құқығын қалпына келтірді

Талап қоюшы А. К.-мен некеде тұрады, екеуі де бұрынғы әскери қызметшілер. Олардың асырауында төрт кәмелетке толмаған балалары бар, оның екеуі бала кезінен мүгедек.

2019 жылдың желтоқсанында талап қоюшының жұбайына қарулы күштер қатарынан босатылуына байланысты барлық төрт баланы қамтитын отбасына біржолғы тұрғын үй төлемі (БТТ) төленген.

Талап қоюшы денсаулығына байланысты әскери есептен шығарылып, төрт айлық ақшалай үлес мөлшерінде біржолғы жәрдемақы алған.

Жұмыстан шығарылғаннан кейін А. «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңының (бұдан әрі – Заң) 75-бабының 4-тармағына сілтеме жасай отырып, жеке қосымша бөлменің орнына екі мүгедек баланың асырауында болуы негізінде біржолғы тұрғын үй төлемдерін беру туралы өтінішпен әскери бөлімге жүгінген.

Алайда жұбайы К.-ның төрт адамнан тұратын отбасына қаражат алған  және «Әскери баспана» бағдарламасы аясында мемлекеттік қордан тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне байланысты оған БТТ төлеуден бас тартылған.

Талап қоюшы А. Астана қаласының МАӘС-на БТТ төлеуге мәжбүрлеу туралы талаппен жүгінді.

Сот балалардың біреуінің ауруы созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне жататынын, ал талап қоюшының өзі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған әлеуметтік осал азаматтар санатына жататынын анықтады.

Осыған байланысты сот Заңның ауыр сырқаттары бар азаматтарға жеке бөлме беру туралы нормасы медициналық көрсеткіштермен және олардың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз етумен байланысты ең төменгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған деген қорытындыға келді.

Жеке бөлмеге құқықтың орнына ақшалай өтемақы төлеу тәртібін нақты заңнамалық реттеу болмауына байланысты, сот өтеусіз жекешелендіру үшін ақшалай өтемақыны реттейтін заң ұқсастығын (Заңның 101-1, 101-2-баптар), сондай-ақ әділеттілік пен құқықтарды қорғау секілді әкімшілік әділет қағидаттарын қолданды.

Сот әкімшілік талапты қанағаттандырып, жауапкерді талап қоюшының пайдасына БТТ төлеу туралы шешім қабылдауға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді және орындалды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...