12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот төрелігінің ашықтығы – әділдік кепілі

Елде жүргізіліп жатқан сот реформалары сот төрелігін сапалы жүзеге асыру мен  заң  үстемдігін  қамтамасыз ету, осы арқылы сот билігінің беделін көтеру мақсатын көздейді. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда сот талқылаулары ашық өтеді. Кез келген адам сот процесіне қатыса алады. Яғни,  сот төрелігі халыққа қолжетімді. Іс қарау мерзімінің сақталуы, сот отырыстарының уақытымен басталуы, сот актілерінің дер кезінде берілуі, сот шешімдерін сот орындаушыларының орындауы, т.б. сот төрелігі сапасының артуына кепіл болады.  

Саладағы барлық реформа халықтың көз алдында өтуде.
Мысалы, сот саласына байланысты мәселе туындаса азаматтық қоғам өз ой-пікірлерін ашық білдіре алады. Бұл қазақстандық соттардың халыққа барынша жақын, ашық диалогқа қашанда дайын екенін білдіреді. Соттардың азаматтармен тікелей байланыс орнатып, ақпараттармен дер кезінде бөлісіп отыруына арналған арнайы сайттары жұмыс істейді. Жүйені жандандыруда азаматтардың ұсыныс-тілектері маңызды, сондықтан, соттар мен судьялар құқықтық сауаттылықты арттыруға белсене атсалысады.

Қазақстандық сот жүйесінде азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенді түрде іске асырылуда.  Әкімшілік әділет институты жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік органдардың жөнсіз қысымынан тиімді қорғауда. Мамандандырылған әкімшілік соттар сот төрелігінде серпіліс жасады деуге толық негіз бар. Ең бастысы, әкімшілік әділет «мемлекеттік органдармен соттасудың еш пайдасы жоқ, олардың әрекеті әрдайым дұрыс» деген көқарасты өзгертіп, азаматтардың соттарға деген сенімін нығайтуда.

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде электронды бақылау өндірісінің мыңызы зор. Бұл сервис сот отырысына қатысушыларына пароль беру арқылы сот істері бойынша ақпарат алу үшін және іс бойынша барлық сот актілерімен танысуға мүмкіндік береді. Саладағы электронды формат істерді бұрмалауға жол бермейді. Сот кабинеті сервисі арқылы азаматтар процестің бейне және аудио жазбаларымен танысады. Бүгінде сот отырыстары залдары дыбыс және бейнетүсірілім жүйесімен толықтай жабдықталған. Бұған қоса процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен танысуына, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар болуға мүмкіндіктер жасалған. Сот процестеріне халық онлайн режимде қатысады. Жалпы айтқанда процеске қатысушыларға өз тұрғылықты жерінде ғана емес, еліміздің кез келген аумағындағы басқа да сотына жүгіне алады. Мұндай игі істер өз кезегінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, т.б. сотқа ықпалын болдырмай, сот жүйесінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етеді.

Бұған қоса  жергілікті жерлерде көшпелі сот отырыстары, мысалы, оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, т.б. жүргізіледі. Сот отырысының ашық форматы әрбір тілек білдірушінің сот залына кіріп, сот талқылауының басынан аяғына дейін қатысуын қамтамасыз етеді. Сотта жариялылықты заңсыз шектеу жағдайларына жол берілмейді. Бұларды айтып отырғанымыз, сарапшылар мемлекет іргесінің беріктігін сот жүйесінің ашықтығымен байланыстырады, бұл бекер емес.  Өйткені, ашық сот процестері барлық жағынан қоғамға оң әсер етіп, жұртшылықтың құқықтық сауатын көтереді әрі судьялар мен құқық қорғаушыларға қойылатын талаптарды күшейтеді. Ең тиімдісі, қоғамда әділдік пен тәртіптің орнауына кепіл болады.

Б.Ж.Молдагалиев,

Алматы қаласы мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Абыройы асқақ тұлға

Бүгінгі мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз, еңбегімен танылған, ұрпаққа...

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...