Аудан аумағында тұратын сотталғандарды кезекті есепке алу

“Учаскелік” ОПМ аясында Байқоңыр ауданы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, аудан аумағында тұратын сотталғандарды кезекті есепке алу жұмыстарын жүргізді. Шара осы санаттағы азаматтар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған.Тіркеу барысында сотталғандармен қылмыс пен құқық бұзушылық жасауға жол бермеу, сонымен қатар заңды сақтаудың маңыздылығы туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Пробация қызметкерлері сотталғандардың қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін еске салып, заң талаптарын сақтау керектігін айтты.
Тұрғылықты жері бойынша ресми тіркелмеген тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай шаралар қоғамдағы тәртіпті сақтауға, қылмыстың алдын алуға септігін тигізеді.

Полиция ЗКО подвела итоги 

РАСШИРЕННОЕ СОВЕЩАНИЕ ПО ИТОГАМ ПЕРВОГО КВАРТАЛА 2026 ГОДА ПРОШЛО...

Закон и порядок в действии 

В ДЕПАРТАМЕНТЕ ПОЛИЦИИ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ СОСТОЯЛОСЬ РАСШИРЕННОЕ ЗАСЕДАНИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ...

Положительная динамика 

АКИМ АБАЙСКОЙ ОБЛАСТИ БЕРИК УАЛИ В ХОДЕ ОБЪЕЗДА СЕМЕЯ...

Объективный взгляд на историю

История – это не просто перечень дат и имен,...