Бишімбаевтың “қашып кеткені“ туралы ақпарат тарауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желілерде сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашқаны туралы мәліметтерді тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.

«Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін желіде Қуандық Бишімбаевтың колониядан табылмағаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осыған қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты колониядан табу мүмкін болмады деген ақпаратқа түсініктеме берді.

«Сотталған Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуда, бұл шындыққа сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

«Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Әәйелі Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Бишімбаев сотталған болатын. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде көпшіліктің назарында болған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шығып, оған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және ол жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша қатаң мекемеде өтейді.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.