Мен өмірді қалаймын!

Ақыл-ойдың пайымдасам тереңін,
Туралыққа көшетұғын ел едім,
Ұрпақ үшін жанын қиған бабалар,
Деген еді-“Мен жастарға сенемін”

Ойлап көрсем осы күннің дерегін,
Шыбын жан боп,шырылдайды өлеңім,
Құрығына іліп жатқан жастарды,
Есірткіні қас жауымдай көремін.

Түсініп көр, әуестіктің себебін,
Тәніңменен жаның бірге шөгерін,
Қанат жайып,қарыштаудың бір жолы,
Есірткісіз ел болу ғой-дер едім.
Жаның-тәнің мүгедек боп қалмасын,
Есіңді жи, ей Қазағым, өр елім!

Әуестеніп көрсең егер бүгін бір,
Есірткімен болашағың бұлыңғыр,
Тамырыңа сіңіп кетсін демесең,
Ұлы елім ұрпағыңа ұғындыр!

Зухра ЖАЛАЛАДИН,
№185 орта мектептің 8-сынып оқушысы,
Т. Көмекбаев ауылы,
Қармақшы ауданы,
Қызылорда облысы

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...