spot_img
spot_img

Алатау мен Алматы арасында әуе көлігі іске қосылуы мүмкін

Болашақта Алатау мен Алматы қалалары арасында әуе көлігі іске қосылуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алатауды дамыту мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысы өтті.

Бозымбаев жаңа қаланы салу кезінде халықаралық стандарттарға ғана емес, өз тәжірибемізге де сүйену қажет екенін айтты.

«Бізде жаңа астананы салу тәжірибесі бар. Соңғы жылдары жаңа облыс орталығы Түркістан қаласы бой көтерді. Бұл тәжірибе Алатау қаласына да пайдалы болуы мүмкін. Алматы облысының әкімдігіне Түркістан қаласының құрылыс тәжірибесін жан-жақты қарастыруды тапсырамын», — деді Қанат Бозымбаев.

Cонымен қатар, Алатау және Алматы қалалары арасында Urban Air Mobility (UAM) әуе көлігі үшін сынақ ортасын және жұмыс тобын құру жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Аэромобильдер жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылады.

Маңызды мәселелердің бірі жаңа қалада әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын сақтау екені де айтылды. Қанат Бозымбаев Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне тиісті шаралар әзірлеуді тапсырды.

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.