Қазақстандық деректі фильм Үндістандағы кинофестивальде Бас жүлде мен екі марапатқа ие болды

Қазақстандық режиссер Ақмарал Баталова түсірген және «SEZAR films» продюсерлік орталығы ұсынған «Цепочка добра» деректі фильмі Үндістанда өткен NFF — Nawada Film Festival халықаралық кинофестивалінде жеңімпаз атанды. Фильм Қазақстан халқының жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетуін баяндайды.

Деректі туынды «Үздік деректі фильм» және «Үздік әлеуметтік фильм» номинацияларында жеңіске жетіп, 84 елден қатысқан 1800-ден астам фильмнің арасынан оза шықты. Сонымен қатар, бұл фильм фестивальдің Бас жүлдесіне де лайық деп танылды.

2023 жылы «Әл-Фараби әлемдік мұрасы» және «Асар Уме» қайырымдылық қорларының бастамасымен қазақстандықтар Сирияға 100 тонна гуманитарлық көмек жинап, жеткізді. Қайырымдылық акциясы барысында Латакия жағалауында, Дамаск қаласындағы Әл-Фараби мәдени орталығында және Хмеймимдегі ресейлік әскери базада киіз үйлер орнатылды.

Бұл фильм қазақстандықтардың жанашырлық пен ынтымақтастық үлгісін бүкіл әлемге паш етті.

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...

Ученый, педагог, наставник

Имя выдающегося ученого-юриста, профессора Мажита Таировича Имашева безгранично связано...