Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді

Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекет басшыларының 11-саммитінде ТМҰ жаңа туы қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Түркия жаңалықтары» телеграм-арнасының мәліметінше, ұйымның жаңа туын Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан көшбасшылары: Ильхам Әлиев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Режеп Тайып Ердоған және Шавкат Мирзиеев бекіткен.

«Түркі мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы барысында түркі әлемінің ортақ құндылықтарын, бірлігі мен ортақ мәдени бірегейлігін бейнелейтін түркі мемлекеттері ұйымының туын бекіту туралы шешім қабылданды. Сегізбұрышты, жұлдызы бар жарты айды және көгілдір фонда біркелкі бөлінген сәулелері бар күн бейнеленген жалау ұйымның ресми символына айналды. Тудың көгілдір түсі түркі халықтарының тарихи және мәдени бірлігін бейнелейтін ашық аспанды, бейбітшілік пен өркендеуді білдіреді», — делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, Түркі мемлекеттері ұйымының туы былай өзгерді (сол жақта – ескісі, оң жағында – жаңасы):

Фото: t.me/turknws

Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымының туы алғаш рет 2012 жылы қабылданған.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.