spot_img
spot_img

Дербес кассациялық сот құру – заман талабы

Үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын.

Аталған өзгерістердегі басты жаңалық келер жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде дербес кассациялық соттардың құрылуы болды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкескассациясот жүйесініңдегі үш сатының бірі ретінде Жоғарғы Соттың құрамында өз функциясын атқарып келеді.

Алайда аталған сатыда барлық істерді қайта қарауға мүмкіндік болмады. Себебі кассациялық сот алқасы өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайтын.

Соның салдарынан қылмыстық және азаматтық істердің небәрі 5 пайызы ғана кассацияға жолданатын.

Атап айтқанда қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша; сот талқылауы барысында шығарылған, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша және тергеу судьясы шығарған сот актілері кассациялық тәртіпте қарауға жатпайтын.

Әрине мұндай шектеулер азаматтардың қонституциялық құқықтарын қолдануға өз кедергісін келтірді. Себебі, әркім өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар деп Ата Заңымызда анық жазылған-ды.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер негізінде кассациялық соттар дербес сот сатысын құру арқылы мұндай мәселені түпкілікті шешуге жол ашылмақ.

Былтыр ғана мемлекет басшысы бизнесөкілдерімен кез­десуде дербес кассациялық сатыны құру мәселесіне атап өткен болатын. Бұл мәселенің өзі кәсіпкерлердің, заң қоғамдастығының, түрлі сала мамандарының ұсыныс-тілегінің негізде көтерілгені белгілі.

Оның негізгі мақсаты – барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік жасап, азаматтар мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын толық жүзеге асуына мүмкіндік жасау.

Өзгеріске сай кассациялық соттар өңіраралық сот мәртебесімен құрады.

Сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды. Сонымен қатар сот практикасын зерделейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды.

Келер жылдан бастапқылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша апеллциялық сот алқасының қабылдаған актісі негізінде істерді қайта қарайды.

Сондай-ақ бірыңғай кассациялық тәртіп заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараун,  алдын ала қараудың болмауын, 6 ай шегінде ақылға қонымды мерзімдер белгілеуін, істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарауды қамтитын болады.

Осы орайда жаңашылдық дамыған шет мемлекеттерде тиімді қолданылып келе жатқандығын атап өткенжөн.

Өйткені біз өмір сүріп жатқан құқықтық мемлекетте азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен бостандығын қорғау сот жүйесіне тікелей байланысты.

Бұл өзгерістерең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына барынша ықпал жасау екенін түсінген жөн.

Қызылорда  қаласының №2  сотының судьясы Темирбаев Турар Кайргелдиевич

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...