12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін қазіргі қоғамның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте: «Жемқорлықпен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру керек.  «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру – барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы.  Бұған бір реттік науқан ретінде қарамау керек», — деп атап өтті.

Сот — бұл азаматтар өздерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін жүгінетін аса маңызды мемлекеттік институт. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау,  жолын кесу және оның көріністеріне жол бермеу, кәсібилікке нұқсан келтірмеу тұтастай алғанда азаматтардың сот жүйесіне сенімін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

Сот төрелігіне деген сенім — сот актілерінің заңдылығына ғана емес, сондай-ақ сот ісін жүргізуді дұрыс ұйымдастыруға, сот төрелігін заңнама аясында шешімдер қабылдауға бағытталған іс-қимылдар кешенімен тікелей байланысты.

Бүгінгі күні сот отырысының барлық залдары аудио-бейне жазба құрылғылармен жабдықталған. Сотқа қатысушылар «Сот кабинеті» сервисі арқылы судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасы бар сот актілерін электронды түрде ала алады. Осылайша, сот жұмысының ашықтығы мен айқындығы және сот шешімін жедел алу қамтамасыз етіледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның туындау жағдайлары мен себептеріне ықпал ету қажет.

Жұмыстың сапасына қойылатын талаптарды негіздей отырып, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»  Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабы аудандық сот төрағасына аудандық сот кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс пен судьялардың Судья әдебі нормаларын сақтауы жөніндегі өкілеттіктерді де жүктеді.

Ал, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңнамада жауапкершілік көзделген. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Атап айтсақ, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Жыл сайын сыбайлас жемқорлық заңнамасы қылмыстық жауапкершілікті күшейтетіні белгілі, осы саланы қатаңдатумен заңнамалық актілер қабылданып келеді.

Атап айтсақ, заңнамада сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін, мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынған.

Қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының дербес жауапкершілік институты енгізілді.

Сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 43-бабының 4-бөлігіне сәйкес, бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінәсі арасында байланыс орнатылса, сонымен бірге, қарамағындағыларға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісі бар не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің негізінде тоқтатқан жағдайлардың жиынтығы кезінде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің жасағаны үшін, еліміздің заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылық белгіленген.

Елімізде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және осы бағыттағы саясатты іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Дегенмен, қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды және осы бағытта білім беруді одан әрі үздіксіз жетілдіріп отыруды  қажет етеді. Бұл тұрғыда заңнаманың нормаларын түсіндіру және зерделеу іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу — мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы және үздіксіз процесс. Қоғамның барлық саламына тереңдеп еніп бара жатқан осы кеселге қатаң бағытталған іс-шаралар жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.

ЖАРЫЛҚАСЫНОВА Зәуре Тұрсынбайқызы

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...