Мемлекеттік қызметке қызығушылықты ынталандыруға бағытталған арнайы іс-шара өтті

Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспар аясында, мемлекеттік қызмет мұражайларында мемлекеттік қызметке қызығушылықты ынталандыруға бағытталған арнайы іс-шара өткізілді.

Мемлекеттік қызмет – қоғамның тұрақты дамуы мен әл-ауқатының негізі. Бұл кәсіптің маңыздылығы көбінесе бағаланбайды, сондықтан мемлекеттік басқару тарихына арналған мұражайларда арнайы іс-шаралар ұйымдастыру – мемлекеттік қызметті халық арасында, әсіресе жастар арасында танымал етудің тиімді тәсілі.

Мұндай іс-шаралар келушілердің, соның ішінде жастардың мемлекеттік басқару мәселелеріне назарын аударып, оның ел үшін маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Іс-шаралардың мақсаты – қатысушыларға саяси және экономикалық реформалардың, құрылыс жобаларының, жаңа өнеркәсіптік жетістіктердің, сондай-ақ ішкі саясаттағы маңызды өзгерістердің құндылығын ұғындыру.

Экспозициялардан мемлекеттік қызметшілердің жеке коллекцияларынан алынған құжаттар мен заттармен танысуға болады. Бұл экспонаттар мемлекеттік қызметтің маңыздылығын ғана емес, білім, ғылым, мәдениет және спорт салаларындағы жетістіктерге нақты адамдардың қосқан үлесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, бүгін осындай мұражайлардың бірінде Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі оқушыларының қатысуымен іс-шара өтті. Оқушылар, мемлекеттік құрылым өкілдерімен кездесіп, олардың жұмыс тәжірибесі мен тарихы жайлы әңгімелерін тыңдады. Мұндай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жастарды ел тарихын, елдің жетістіктерін оқуға және, мүмкін, болашақта мемлекеттік қызметті мансап ретінде таңдауға ынталандырады.

Осындай іс-шараларды өткізу жас ұрпақтың мемлекеттік қызметтің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттырып, бұл қызметке деген қызығушылықты күшейтеді деп күтілуде, бұл сөзсіз қоғам мен мемлекет игілігі үшін қызмет етеді.

Жубаназарова Диляра Сакеновна

Мемлекеттік істер агенттігінің

Алматы қаласы бойынша

департаментінің бас маманы

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...

Ученый, педагог, наставник

Имя выдающегося ученого-юриста, профессора Мажита Таировича Имашева безгранично связано...