«Международная ассоциация клубов» ЖШС-ның жеке меншігіне жалпы ауданы 884,9 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілген

Қала прокуратурасы жер телімдерін беру заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 17.06.2004 жылғы «Международная ассоциация клубов» ЖШС-ның жеке меншігіне жалпы ауданы 884,9 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілгені анықталды.

2015 жылы жоғарыда аталған учаскесі бөлінетін болып танылды, жердің жалпы алаңы 820 гектарға дейін азайтылды.

Учаскенің аумағынан «Керенқұлақ» өзені мен «Беркара» бұлағы ағып өтеді.

Бұл жерлер Жер кодексінің 132, 133-баптарына сәйкес (Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы шығарылған кезде қолданыста болған) су қорының жері болып танылады және тек мемлекет меншігінде болады.

Мұндай жер учаскелерi су қоры жерiнiң құрамынан су ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша уақытша жер пайдалануға ғана берiлуi мүмкiн.

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 22-бабына сәйкес прокуратура органдары Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін талап-арызбен (арызбен) сотқа жүгінуге құқылы.

07.10.2024 ж. прокуратура Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жерге құқық беретін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берді.

Соттың қарау нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылданатын болады.

Алматы қаласының прокуратурасы

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...