12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл-бірлік пен татулық кепілі

Елімізде бір тудың астына қанша ұлтпен ұлыстар жиналған бірлігі жарасқан елміз. Сол көптеген ұлт өкілдерінен басын қосқан мықты мемлекетпіз деп мақтанып айта аламын. Енді сол мемлекеттік ұлттық құндылығының басты ерекшелігі оның мемлекеттік тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деп ел басымыз айтып өткендей. Сондықтан, бұл мәселеге парасаттылықпен қарауымыз қажет. Еліміз өркениеті дамып, мәдениетіліміз дәріптелуі керек.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы жолдауында қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейту турасына ерекше тоқталды. Қазақстан Республикасының президенті: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек дей отырып қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн екенін тілге тиек етіп өтті. Яғни мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын, оның ішінде халықпен тығыз байланыс жүргізетін уәклетті органдардың барлығының жұмысын таза қазақ тіліне аудару керек деп ойлаймын, парламент отырысы, мәслихат жиналыстарында депутаттар, жалпы лауазымды қызметтері бар басшылар қазақ тілінде сөйлеуді үйренсе екен деймін және бұл нәрсе олар үшін міндеттелуі керек деп ойлаймын.

Сот ісін жүргізу тілі – Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

Сот ісін жүргізуде әркім өзіне түсінікті тілде немесе меңгерген тілде мәлімет алуды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар екенін білген жөн. Сонымен қатар, бұл заңда тіл туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылық та көрініс тапқанын, «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Екі тараптың жазбаша өтініші бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында сот ісін жүргізу тілін айқындамамен өзгертуге құқылы. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне түсініктемеде сот ісін жүргізудің белгіленген тілі істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда сотта қарау кезінде бірдей болып табылатыны көрсетілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттеріне берген сұхбатында: «Бірінші – қазақ тілі болу керек. Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде», — деп атап көрсетсе, республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» деп ел жағдайын, әлеуметтік мәселелерді айта кетіп, мемлекеттік тіл мәселесіне кеңінен тоқталды.

Сондықтан бүгінгі күні атқарылған істерге тоқмейілсімей, алдағы міндеттерді де ұмытпағанымыз жөн. Мемлекеттік тілге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген мәселелер көтеріліп, айтылып келеді. Мемлекеттік тілге қатысты, шешімін таппай қордаланып қалған мәселелер мен проблемалар да жеткілікті. Оның шешу жолдарын қарастыру — біздің міндетіміз. Ендеше, халық болып, ел болып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерейік!

Д.Курманаева

Шымкент қаласының

мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Ортақ мүлікті бөлуге қатысты дау сот медиациясымен шешілді

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Ата-ана құқықтарын шектеу жайлы не білеміз?

Құлаққа қаншалықты жағымсыз естілсе де, ата-ана құқықтарын шектеу негіздері,...

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді...

В отношении женщины, обманувшей знакомых с трудоустройством, возбуждено уголовное дело

Сотрудники Управления полиции города Туркестан установили женщину, причастную к...

Полицейлер спорттың бірнеше түрінен жарысқа түсті

Түркістан облысының Полиция департаменті жеке құрамы арасында мәдени-спорттық іс-шараларды...