Ортақ мүлікті бөлуге қатысты дау сот медиациясымен шешілді

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен талап қоюшы Т.-ның жауапкер Д.-ға қатысты ортақ мүлікті бөлу  туралы азаматтық іс қаралды.

              Істі қарау кезінде тараптар судья-медиатордың көмегіне жүгініп, судья тараптарға медиативтік келісімге келудің артықшылықтарын түсіндіріп, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеуді қолдады.

           Тараптар судья тыңдап болып, дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты. Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарттарына сәйкес ортақ меншіктегі жылжымайтын мүліктері — 2-бөлмелі пәтердің бағалау құнымен, яғни – 9 212 000 (тоғыз миллион екі жүз он екі мың) теңгеге және әрқайсысының ½ (екіден бір) үлесі – 4 606 000 (төрт миллион алты жүз алты мың) теңге екендігімен келіседі.

              Сондай-ақ, келісімнің шарттарына сәйкес, талап қоюшы Т. жауапкер Д.-ға пәтердің жарты құнын, яғни 4 606 000 (төрт миллион алты жүз алты мың теңге) соманы төлейді, бұл үшін жауапкер жылжымайтын мүлікке қатысты құқығынан бас тартуға міндеттенеді.

              Осылайша тараптар соттан медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітіп, азаматтық істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен ортақ мүлікті бөлу бойынша азаматтық іс бойынша медиация келісімі бекітіліп, іс сот өндірісімен тоқтатылып, 46 060 (қырық алты мың алпыс) теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді

Өз тілшіміз

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...

Ученый, педагог, наставник

Имя выдающегося ученого-юриста, профессора Мажита Таировича Имашева безгранично связано...