12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде көрме өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің  жазасын  өтеуші  сотталғандардың қолдарымен жасалған бұйымдарымен  таныстыру және  жеке  кәсіпкерлерге  көрсету  арқылы  кәсіпкерлердің  назарын  мекемеге  аудару  мақсатында көрме өткізілді.

       Көрмеге арнайы сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлері  және Қызылорда облысытық  ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы, Қызылорда облыстық прокуратурасының өкілі Ожаров Ризабек Кәрімұлы және мекеме басшылығы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, облыс әкімшілігі қызметкерлері қатысты. Көрмеге келушілерге «Арсен» , «Жағыппар», «Арғымақ», «Мағжан» , «Назерке», «Сарман», «Әділет», «Сұлтан» , «Ас-ка», «Тұрдалы», «EST-kzo», «Сманов»  жеке  кәсіпкерлерінің  өкілдері  шақыртылып , түзеу  мекемелерінде  сотталғандардың жасаған бұйымдарымен таныстырылды

      Көрменің  тиімділігі жеке  кәсіпкерлердің  шығарып  жатырған өнімдерін кеңінен насихаттап , тұтынушылар назарына ұсыну , сонымен қатар  көрмеге  келген  жергілікті  атқарушы органдар мен  кәсіпкерлер  қалаған бұйымдарына тапсырыс  беруге  мүмкіндік алды .Сонымен қатар жаңадан жұмыс көзін ашу үшін қызығушылық  танытып, ой-пікірлерімен бөлісті.

    Осы көрме барысында ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Шаймерден Есенкелдиев алдағы уақытта жұмыспен қамтылған сотталғандардың санын арттырып, жаңа жұмыс көзін ашу мен кәсіпкерлік  субьектілерге  қосымша  сотталғандарды жұмысқа орналастыру  бағытында жұмыстар атқарылып келеді – деді .

    Бүгінгі таңда ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 300 -ге жуық  сотталғанды  12  жеке кәсіпкер  жұмыспен  қамтып отыр. Мұндай көрмелер  алдағы уақытта да ұйымдастырылатын  болады.

ФОРУМ ДЛЯ КОМПЛАЕНС-СПЕЦИАЛИСТОВ СОСТОЯЛСЯ В АЛМАТЫ

В стенах университета Нархоз состоялась конференция – Compliance Forum...

Материалдық жағдайыма байланысты жұмыс графигін ұлғайтып, үстеме жұмыс атқаруға бола ма?

Жарқын: Менің жасым он алтыда. Талдықорған қаласында колледж студентімін....

Айыппұлды қалай төлеуге болады?

Еркінбек: Сәлеметсіз бе? Мен 19 жастамын. Алматы қаласында тұрақты...

Сабақтан тыс уақытта жұмыс атқаруға және еңбек шартына отыруға мүмкіндігім барма?

Сейіткали:  Мен Алматы қаласында орналасқан жоғары оқу орынында 1...