Сыбайлас жемқорлық қоғам үшін өте қауіпті. Ең бірінші адамдардың заң үстемдігі мен әділеттілікке деген сенімі жоғалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құқық қорғау жүйесі үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де міндет болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек», – деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Adaldyq alany жобасы мемлекеттік мекемелерде қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Жобаның мақсаты – мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру.Кішіден» «ұлыға» дейінгі бүкіл қоғамда «Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚР 23-бабына сәйкес: Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады: өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатыса алуы жатады.
Заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Сыбайлас жемқорлықпен күрес-мемлекетіміздің дамуына үлес қосу, мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу және сондай кадрларды жұмысқа алу әділетті қоғамды қалыптастырып,кеселді жоятын бірден бір жол.
Ақтөбе облысының кәмлетке толмағандардың істері жөніндегі сот әкімшісінің аға сот приставы Г.Байсакалова