Бензин қымбаттаса, азық-түлік бағасы өсе ме? Үкімет жауабы

Мәжіліс кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бензин бағасының қымбаттауы азық-түлік бағасына қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазір азық-түлік инфляциясы бойынша Қазақстан 2-орында, жыл басынан бері өсім 2,9%-ды құрайды. Басқа тауарлар мен қызметтердің бағасы өсіп жатыр. Сенбіде үкіметаралық кеңесте инфляцияға әсер етуші факторларды қарастырамыз, себебі инфляция 8%-дан аспауы керек», — деді Жұманғарин.

Ол жанармай бағасы өсетіні туралы ресми ақпараттың жоқ екенін айтты.

«Бензин бағасы азық-түлікке тікелей әсер етпейді, себебі тасымалдауда негізінен дизель қолданылады. Дизель отыны қымбаттаса, шамамен 5-7% әсер етуі мүмкін», — деп қосты ол.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.